1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15884) 11 ақпан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 ақпан 2014
Тұрақсыз бапкер бiздi тапты

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерi болып ресейлiк Юрий Красножан тағайындалды. Ұлттық құраманы тiзгiндейтiнiн Красножан былтырғы жылдың желтоқсан айында бiлiп, келiсiмге келген. Футбол федерациясы осы жаңалықты ұзынсарыға сақтаған сүбедей екi ай сақтап келiп, 7 ақпан күнi журналистерге жария еттi.

Баспасөз мәслихатында футбол федерациясының бiрiншi вице-пре­зи­дентi Саян Хамитжанов жаңа бапкердi былай таныс­тырды. “Красножанмен бiз 2+2 деген келiсiмшарт жасастық. Ол – бұрынғы кеңестiк футбол мектебiнiң түлегi, орыстiлдi”. 
Хамитжановтың мұнысынан бұдан былай федерация басшылығы және футболшылар бас бапкермен тiлдесуде қиындық тумайды дегенiн ұқтық. Бұған дейiн бас бапкер бол­ған чех Мирослав Беранек орысша тiл сындырғанша, немiс Бернд Шторк орысша сөйлеудi меңгергенше, голландиялық Арно Пайперс те орысша “нан сұрай алатын” шаққа жеткенше футбол федерациясының басындағы шендi-шекпен­дiлер әбден қиналған-ау шамасы.  
Сонымен, екi жыл жұ­мыс жүргiзiп, нәтижесi тәуiрлеп жатса, тағы екi жыл қызметiнде қалатын Красножан кiм? Жазда 51-ге толатын маман кәсiби бапкер деген лауазымды 1996 жылы алған. 2004 жылы нальчиктiк “Спартак” клубының бас бапкерi болып бекiтiлiп, 2010 жылға дейiн баптаған. Осы жылы мәскеулiк “Локомотивке” ауысып, жарты жылдан кейiн қызметiмен қош айтыс­қан. 2011 жылы Ресейде екiншi ұлттық құрама пайда болып, бас бапкерлiкке осы Красножан бекiтiледi. Бiрақ ғұмыры тым қысқа жобаның жоспары құрдым­ға кетiп тынады. Сол жылдың соңында Юрий махачкалалық “Анжиге” ауысқанымен, екi айға жетер-жетпес уақытта “өз еркiмен қызметтен кеткен”. Одан кейiн аз ғана уақыт краснодарлық “Кубаньда”, бес ай грозныйлық “Теректе” бапкерлiк бiлiгiн шыңдаған. Красножан қай клубқа бармасын көсегесiн кө­герткенi некен-саяқ. Се­нiмдi ақтай алмаған бап­кердi кiм асырай қойсын, бәрi де iргемнен аулақ дейдi ғой.
Красножанның қазақша үйрену-үйренбеуi өзiнiң арында, бастысы – бұған дейiн ешбiр елдiң ұлттық құрамасына бас бапкер болып бекiмеген маманның екiншi тынысы ашылып, толайым табысқа жеткiзсе, сол олжа. Болмаса, “қонарын да, ұшарын да” бұйрық бiлетiн бапкерге Қазақ елiнен көшу қиынға соқ­пайтыны анық.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар