1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (15882) 4 ақпан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
4 ақпан 2014
Үш үздiк шықты

Өткен айдың соңында Астанада ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi “Жыл спортшысы-2013” байқауы жүлдегерлерiн марапаттады. Сырбойылықтар 3 аталым бойынша үздiк шықты. Атап айтсақ, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сiңiрген спорт шеберi, әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi Алмас Өтешов “Жеңiске ұмтылыс” номинациясына ие болса, республика бойынша “Үздiк аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi” номинациясын Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi жеңiп алды.

Ал “Жыл меценанты” атағы Қызылорда қаласында “Нұрсәт” теннис орталығының салынуына үлес қосқан “Саутс Ойл” ЖШС-нiң бас директоры Серiкжан Сейiт­жановқа берiлдi.
Әлi есiмiзде, белтемiршi Алмас Өтешов Парижде өткен әлем чемпионатында оңбай сүрiнген. Елге келген соң сондағы сәтсiздiгiнiң себебiн сұрағанымызда, жеңiске деген жiгермен жауап берген болатын. “Әлi талай ел байрағын көкте желбiретермiн” деген-дi. Тiл-көзiмiз тасқа, одан берiде талай додада топ жарып, ел абыройын асқақтатты. Ендiгi мақсаты – Олимпиада шыңына шығу.
Қызылорда қаласында салын­ған “Нұрсәт” теннис орталығына 410 млн. теңге көлемiнде қаржы кеттi. Кеткен шығынды көтерген “Саутс Ойл” ЖШС-нiң жомарттығына ел дән риза. Бүгiнде аталмыш спорттық нысанды 200-ге жуық спортсүйер жас тұрақты түрде пайдаланады. Бұл көрсеткiш күн­нен-күнге ұлғаймаса, кемiмейтiнi анық.
Бiр ауылдың өзiнен жүз шайыр шыққан қасиеттi Қармақшы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң үздiктер көшiн бастауы заңдылық. Бiз бөлiм басшысы Нұрбол Мырзабаевпен тiлдескен болатынбыз.
– Өткен жыл аудан спортшылары үшiн табысты жыл болды. Қазақстан Республикасының ұлт­тық құрама командасына ауданымыздан 14 спортшы қабылданды. Спорт түрлерiнен әр жастағы шәкiрттерiмiз ел чемпионаттарында 12 алтын, 8 күмiс, 17 қола медальды жеңiп алды. Әлем және Азия чемпионаттарында 2 алтын, 3 күмiс олжалады. Жасөспiрiм­дердiң III Еуразиялық ойындарында, Ауыл спортшыларының республикалық “Ақ бидай – 2013” спартакиадасында, өзге де айтулы бәсекелерде биiктен көрiндi. Жалпы ауданда, спортпен жүйелi түрде шұғылданушылар саны артып келедi. Тағы айтар жағымды жаңалығымыз – көптен күткен орталық стадион және жасанды жамылғысы бар жетi спорт алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берiлдi. Аудандық спорт бөлiмiнiң мұндай марапатқа ие болуы – аудан басшылығының қолдауы және жаттықтырушылар мен спортшылардың тынымсыз еңбегiнiң жемiсi.
Нұрбол Мырзабаевтың айтуынша, ауданда спорт саласының дамуына әлi де болса ауылдарда кәсiби мамандардың жетiспеу­шiлiгi керi әсерiн тигiзiп отыр. Оған кейбiр орта мектептерде спорт залдың жоқтығын, спорттық құрал-жабдықтардың жетiспейтiнiн қосыңыз. “Алдағы уақытта бұл қиындықтар артта қалып, спорт саңлақтарының көбеюiне жағдай жасалады деп сенемiз”, – дейдi ол.
Н.ТАСТЕМIР,
Қызылорда облысы. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар