1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15471) 16 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 ақпан 2010
Армысың, Ақ Олимпиада!

Канаданың Ванкувер қаласында XXI Қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды.

Ұзақтығы 3 сағат 3 минут­қа созылған Олимпиада ойындарының ашылуы Ван­ку­вердегi “Би-Си Плэйс” стадионында өттi. Алпыс мың адамға лайықталған стадиондағы ашылу салтанаты кезiнде ине шаншар орын болған жоқ. Олимпиада алауын тұтату Канаданың төрт бiрдей спортшысына бұйырды. Канаданың атақты хоккейшiсi Уэйн Гретцки, шаңғышы Нэнси Грин, конькишi Катрина Лемэй-Доан және баскетболшы Стив Нэштiң еңбегiн канадалықтар жоғары бағаласа керек. Канада спортына еңбегi сiңген төрт спортшыны бөле-жармай, “бiр қазанға бастарын сыйғызған” ұйымдастырушылар осылай деп шешiптi. Төрт спортшының ашылу салтанаты кезiнде бiр мезетте алауды тұтатуы да әсерлi болды.
Өкiнiшке қарай, Олим­пиа­да ойындары басталмас бұрын қайғылы оқиға орын алды. Шана спортынан Гру­зия­ның намысын жыртуға келген Нодар Кумариташвили Олимпиада ойындарының ашылуына санаулы сағаттар қалғанда көз жұмды. Жаттығу кезiнде шанасына ие бола алмаған грузин спортшысы трассаның жақтауына соғылып, ауыр халде көз жұмды. Дәрiгерлер грузин спортшысына дер кезiнде көмекке келгенiмен ажалдан арашалап қала алмады. Бас сүйегi қатты зақымдалған Нодар Кумариташвили осылайша 21 жасында өмiрден өттi. Жалпы биыл­ғы Барыс жылы спортшылар үшiн аса қолайлы жыл болып тұрған жоқ. Естерiңiзде болса, қаңтар айының басында Африка кубогын сарапқа салуға барған Того футболшылары жолортада лаңкестiк ұйымдардың шабуылына тап болып, нәтиже­сiнде үш бiрдей адам көз жұм­ған едi.
Ендi ойындардың нә­ти­же­сiне келейiк. Дәл қазiр Олим­пиада ойындарының үш күнi артта қалды. Әзiр­ге Франция спорт­шы­лары жалпыкомандалық есепте көш бастап келедi. Олардың еншiсiнде 2 алтын, 1 қола медаль бар. Одан кейiнгi орында Германия спортшылары. Немiс­тердiң қоржынында 1 алтын, 3 күмiс медаль бар. Қазақстандық спортшылардың өнерiне келер болсақ, жерлестерiмiз әзiрше жүлделi орындарға жете алмай жығылуда. Жарыстың алғашқы күнi шаңғымен серпiлмеден секiр­ген Алексей Королев пен Николай Карпенко тиiсiнше, 29-орын және 31-орындарды ие­лендi. Конькимен жүгiруде елiмiздiң тәжiрибелi спортшыларының бiрi Дмитрий Бабенко бес мың метр қашықтықты бар-жоғы он бесiншi болып аяқтады. Бүгiнгi күнге дейiн спортшыларымыздың iшiнде ең жоғары нәтижеге қол жеткiзген биатлоншы Елена Хрусталева болды. Е.Хрусталева 7,5 шақырым қашықтықта бесiншi келдi. Дәл осындай қашықтықта жарыс жолына шыққан Анна Лебедева мен Марина Лебедева 52-орында және 58-орында келдi. Любовь Филимонова 67-орында. Айтпақшы, ашылу салтанаты кезiнде елiмiздiң көк байрағын кө­терiп шыққан биатлоншы Диас Кенешов жексенбi күнi он шақырымдық жарыс жолына шығып, 72-орынды мiсе тұтты. Диаспен бiрге сайысқа түскен Ян Савицкий 39-орын­ға ие болса, Александр Червяков 51-орынға ие болды. Николай Брайченко 84-орында.
Фристайлшы бойжеткен­дердiң де нәтижелерi көңiл қуантарлықтай емес. Юлия Галышева он бiрiншi, Дарья Рыбалова 14-орында қалып қойды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар