1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15856) 29 қазан, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
29 қазан 2013
Спорт ақпарат

ЖЕҢIМПАЗ ЖОҚ

Польшаның Вроцлав қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында елiмiздiң ауыр атлеттерi 1 күмiс, 1 қола медаль иелендi. Екi жүлденi де 94 келi салмақта сынға түскен Алмат Өтешов пен Владимир Седов алып бердi.
6 алтын, 3 күмiс, 3 қола медаль олжалаған Ресей атлеттерi   жалпыкомандалық есепте қара үздi. Екiншi орын 6 алтын, 2 күмiс, 2 қола жүлде алған Қытай құрамасына бұйырса, үштiктi 1 алтын, 5 күмiс медаль иеленген Солтүстiк Корея спортшылары түйiндедi. Қазақ елiнiң ауыр атлеттерi Әзiрбайжан құрамасымен иықтаса алтыншы сатыға жайғасты.
 
КҮМIС ЖҮЛДЕ
Словенияның Любляна қаласында өткен әлем чемпионатында жастарымыз жалқы жүл­денi қанағат еттi. 90 келi салмақта сайысқа шыққан Самат Есен австралиялық, мажарлық, бразилиялық қарсыластарын ұтып, финалда грузин спортшысына есе жiберiп жастар арасындағы әлем чемпионатының күмiс жүлде­герi атанды. Құрамадағы екi балуанға қола жүлде үшiн күресу мүмкiндiгi туып, Мейiрлан Баймаханбетов (60 келi) пен Айбек Серiк­баев (100 келi) қарсыласынан аса алмай әлем чемпионатын бесiншi орынмен аяқтады.
 
АҚЫРҒЫ АЙҚАС АНЫҚТАЙДЫ
Футболдан биылғы премьер-лиганың жеңiмпазы соңғы турда, яғни 2 қараша күнi анықталатын болды. Олай болатыны, 31-турда көш басындағы “Ақ­төбе” сыртта “Астанаға” 1:0 есебiмен жол бердi. Турнир кестесiнде 42 ұпаймен топ бастап тұрған “Ақтөбенi” астаналықтар 39 ұпаймен өкшелеп келедi. 2 қараша күнi ақтөбелiктер өз алаңында шымкенттiк “Ордабасы” клубын қабылдаса, “Астана” Қарағандыда “Шахтерге” қарсы ойнайды.

31-турда “Шахтер” өз алаңында алматылық “Қайраттан” 1:2 есебiмен ұтылды. Шымкентте “Ордабасы” павлодарлық “Ертiс” клубын 3:1 есебiмен тiзерлеттi. Талдықорғанда өткен “Жетiсу” мен өскемендiк “Восток” арасындағы ойында гол соғылмаса, өз алаңында “Атырау” “Таразды” 1:0 есебiмен, қостанайлықтар оралдық “Ақжайықтың” қ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар