1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15848) 1 қазан, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
1 қазан 2013
Нәтиже жақсы-ақ, бiрақ...

Қыркүйектiң 28-29-ы күн­дерi Алматыда дзюдодан әлемдiк гран-при турнирi өттi. Жалпыкомандалық есеп­­те Қазақ елiнiң құрамасы топ жарды.

60 келi салмақтың барлық жүлдесi бiздiң балуандарға бұйырды. Елдос Сметов пен Айбек Имашев финалда күресiп, Сметовтiң асығы алшысынан түссе, қола жүлде Асхат Тельманов пен Рустам Ыбыраевқа бұйырды. 
66 келi салмақта Елдос Жұмақанов финалда беларусь Дмитрий Шершанды шаң қаптырды. Елдоспен бiрге сынға түскен Бақдәулет Сәбитов қола жүлде иелендi.
73 келiде Ертуған Төренов финалда бразилиялық Ромбо да Силваның екпiнiне төтеп бере алған жоқ. Осы салмақтың қола жүлдесi Дастан Ықыбаевқа бұйырды.
90 келi салмақта Ислам Бозбаев бразилиялық Силва Едуардоны, ресейлiк Дмитрий Довганьды жеңдi де, финалда Хуршид Нәбиевтi ұтты.
100 келiге дейiнгi салмақта әлем чемпионы Максим Раков өзбек пен орыс балуанын тiзерлетiп, алтын медаль үшiн айқаста Рафаэль Бузакаринидi сан соқтырды.        
Қазақ күресiнен “Қазақстан Барысына” қатысып, басы дауға шатылған Ержан Шынкеев 100 келiден жоғары салмақта сынға түсiп, финалда беларусь алыбы Александр Вахавякты жы­ғуға күшi жетпедi.
Қыздар арасында Александр Подрядова 48 келi салмақтың күмiс медалiн еншiледi. 57 келi салмақта Севара Нышанбаева, 63 келiде Мариан Ордабаева қола жүлдегер атанды. 70 келiге дейiнгi салмақта Альбина Амангелдиноваға күмiс жүлде бұйырды. 78 келiден жоғары салмақ дәреже­сiнде тәжiрибесi толысқан Гүлжан Исанова финалда беларусь Марина Слуцкаяны жықты. Руза Доқтырбаева қола медальдi мiсе тұт­ты. 
13 елден келген спортшылардың арасында дақпырты дүйiм жұртқа жайылған саңлақтар некен-саяқ. Бұ­лай болатыны көптеген елдiң бапкерлерi бiр ай бұрын Рио-де Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатынан кейiн белдi спортшыларына демалыс берген. Сондықтан да Алматы татаминде сынға түскен спортшылардың денi – жас­тар. Мәселен, Ислам Бозбаевтың қарсыласы атанған ресейлiк Довгань мен Раковтың тегеурiнiне кәдiм­гiдей төтеп берген Станислав Гасиновтың жастар құра­масынан ересектер қатарына ауысып келгенiне көп бола қойған жоқ.
Жалпыкомандалық есепте Бразилия, Ресей сынды елдердi артқа тастап, топ жарғанымыз – көңiл өсiрер­лiк көрсеткiш. Бiрақ бұл табыс қазақ балуандарының дең­гейi жоғары деген өл­шем емес. Әлем чемпионат­тарында медальдi топтап алып, олимпиада ойындарында жүлдемiз еселенгенде ғана елiмiзде дзюдо дамып келедi деп айтуға болады.
Лондон олимпиадасында 3 алтын алған Ресейден, 2 алтыннан олжалаған Франциядан, Сара Менезес сынды саңлағы бар Бразилиядан аса алу – бiзге қазiр тек арман ғана.

Қуаныш БАЖАҚ.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар