1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15839) 3 қыркүйек, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 қыркүйек 2013
Спорт ақпарат

БЭЙЛДIҢ БАҒАСЫ – 91 МИЛЛИОН ЕВРО

AS ақпарат агенттiгi мад­рид­тiк “Реал” командасы ағылшындық “Тоттенхэм” сапында жасындай жарқылдап жүрген уэльстiк Гарэт Бэйлдi сатып алғанын жариялады. Келiсiм­шартта футболшының құны 91 миллион евро деп көрсетiлген. Ал Бэйлдiң өзi жылына 5 миллион евро жалақы алатын болады.
Гарэт Бэйл келген соң “Реал” командасы өз сапындағы футболшыларды трансферге шығармақ. Мәселен, бразилиялық Каканы 15 миллион евроға сатуға дайын. Бұл ретте Каканы итальяндық “Милан” клубы өз араларынан көруге құлшынып отыр. Сондай-ақ күнi кешеге дейiн “жақсы қақпашы – жарты команда” деген тiркеске лайықты қақпашылары Икер Касильяс­тың да командадан кетуi туралы ақпарат тарай бастаған. Касильясқа ағылшындардың “Арсеналы” мен “МЮ” және француздардың ПСЖ клубы құда түсiп отыр.
Бұл ретте Бэйл әлемдегi ең қымбат ойыншылар тiзiмiнде екiншi орынға жайғасқанын айта кетейiк. Бiрiншi сатыда 94 миллион евромен “Реал” сапындағы әйгiлi португалдық футболшы Криштиану Роналду тұр.
 
БРАЗИЛИЯ ТАТАМИIНЕН БҰЙЫРҒАНЫ – БIР КҮМIС
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында мәресiне жеткен дзюдодан әлем чемпионатынан Қазақстан құрамасы жалғыз күмiспен оралды. Алтынға пара-пар жалқы жүлденi 66 келiде белдескен Азамат Мұқанов қоржынымызға салғанын өткен нөмiрде жазған болатынбыз. Алайда Азаматтың жеңiстi жолын ауыр салмақтағы палуандар жалғастыра алмады. Көпшiлiк жүлде күткен 100 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiндегi экс-әлем чемпионы Максим Раков бiрiншi белдесуiн тәуiр бастағанмен, екiншi айналымда чех палуаны Лукаш Крпалектiң мықтылығын мойындауына тура келдi. Өз кезегiнде Л.Крпалек қола жүлдегер атанса, осы салмақтың алтынын әзiрбайжандық Ильхам Маммадов жеңiп алды.
Ал аса ауыр салмақтағы Ержан Шынкеев бiрiншi белде­суiнде-ақ ұтылып қалды. Мысырлық Ислам Эльшехаби Шынкеевтi “иппон” әдiсiмен таза жеңдi. Бұл салмақтың алтынын Лондон Олимпиадасының чемпионы, француз Тедди Риннер қанжығасына байлады.
90 келiде татамиге шыққан Ислам Бозбаев та Риодан бос қайтты. Алғашқы айналымда конголық қарсыласынан басым болған Ислам екiншi айналымда жапон жiгiтi Насиашидiң осал тұсын табамын деп жүрiп, өзi әдiске түсiп қалды.
Әйелдер сынында ел намысын қорғаған 70 келiдегi Динара Құдарова мен 78 келiден жоғары Гүлжан Исановалар да Рио татамиiнде тәуiр нәтиже көрсете алмады.
Дайындаған Нұрболат Әлдибек
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар