1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15839) 3 қыркүйек, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 қыркүйек 2013
“Шахтерге” жеребе жолдас болды

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiне бiр қадам жетпей тоқтаған Қарағандының “Шахтерi” Еуропа лигасының топтық кезеңiне жолдама алғаны белгiлi. Монакода өткен жеребе тарту рәсiмiнде кеншiлер “L” тобында нидерландтық “АЗ Алкмаар”, грекиялық “ПАОК” және израильдiк “Маккаби Хайфа” командаларына қарсылас атанды. Футболдың “жiлiгiн шағып, майын iшкен мамандар” “Шахтерге” жеребе жолдас болғанын жарыса айтып жатыр.

Дегенмен екi дүркiн ел чемпионы атанған кеншiлердiң қарсыластарын оңай шағылатын жаңғақ деуге әсте болмайды. Мәселен, “АЗ Алкмаар” клубы 1981 жылы УЕФА кубогының финалына шыққан. Биыл “Қызғалдақтар елiнiң” кубогын иелендi. УЕФА рейтингiнде 60-орынға орналасқаны және бар. Ал “ПАОК” болса, Еуропа лигасының топтық кезеңiне осымен үшiншi рет шығып отыр. УЕФА рейтингiнде 73-сатыға жайғасқан Хайфаның “Маккабиi” де “сен тұр, мен атайын” дейтiн команданың бiрi. Өз елiнiң12 дүркiн чемпионы екенi, 2003, 2010 жылдары чемпиондар лигасының, 2012 жылы Еуропа лигасының топтық кезеңiнде ойнағаны сөзiмiзге дәлел болса керек. УЕФА рейтингiнде 128-орында тұр.
Бұл ретте елiмiздiң жан­күйерлерiне бейтаныс клуб – “ПАОК”. Әрi “Шахтер” алғашқы ойынын қыркүйектiң 19-ы күнi сырт алаңда осы командаға қарсы өткiзбек. Ал “Маккаби Хайфа” мен “АЗ Алкмаар” – Чем­пиондар лигасы мен Еуропа лигасында “Ақтөбенi” сан соқ­тырып кеткен клубтар. Ес­терiңiзде болса, 2010 жылы “Ақтөбе” Чемпиондар лигасының iрiктеуiнде “Маккаби Хайфамен” кездесiп, өз алаңында 0:0 есебiмен тең түсiп, Хайфадағы ойында 3:4 есебiмен ұтыл­ған. Сол ойында “Ақтөбе” 3 гол айырмашылығымен алда тұрып, ойын соңына дейiн қақпаларынан 4 гол алып шығуға мәжбүр болған едi.
Осы “Ақтөбе” 2011 жылы Еуропа лигасының iрiктеуiнде нидерландтық командамен кез­десiп, сырт алаңда 0:2 есе­бiмен жеңiлiп, өз алаңында 2:1 есебiмен қарымта қайтарған болатын. Дегенмен бұл жолы да жарысты “АЗ” жалғастырды. Ендi “Шахтерге” “Ақтөбенiң” есесiн қайтаруға тамаша мүмкiндiк туып отыр. Кеншi­лердiң өз үйiнде “қонақжай” емес екенiн ескерсек, плей-офф­қа шығу үшiн осы шабысынан танбаса жетiп жатыр.
“L” тобы.
19 қыркүйек
“ПАОК” – “Шахтер”
“Маккаби” – “АЗ”
3 қазан
“АЗ” – “ПАОК”
“Шахтер” – “Маккаби”
24 қазан
“Шахтер” – “АЗ”
“ПАОК” – “Маккаби”
7 қараша
“АЗ” – “Шахтер”
“Маккаби” –   “ПАОК”
28 қараша
“Шахтер” – “ПАОК”
“АЗ” – “Маккаби”
12 желтоқсан
“ПАОК” – “АЗ”
“Маккаби” – Шахтер” 
 
Нұрболат ӘЛДИБЕК
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар