1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15835) 20 тамыз, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 тамыз 2013
Бойжеткенi болмаса, өресi жетiлмеген

Алматыда әлемдiк гран-при сайысы iрiктеуiнiң 3-тур ойындары өттi. Үш күнге созылған дүбiрде Александр Гутордың елiмiздiң бас құрамасына не үйреткенiн көрдiк. Украиналық маман былтырғы жылдың ақпан айында бас бапкерлiк қызметке бекiген болатын. 2 жылдық келiсiмшартта Гутордың мойнына аз жүк артылған жоқ. Маман елге келгелi де бiр жарым жылдың жүзi болыпты. Осы уақыт iшiнде бiздiң қыздар қаншалықты өскенiн, елiмiзге келгенге дейiн Украинаның қыздар құрамасын баптаған бiлiктi Гутор құраманы қай деңгейге жеткiзгенiн Алматыда өткен әлемдiк гран-при сайысының 3-тур ойын­дары көрсетiп бердi.

Әлемдiк сынның 3-турында бiздiң құрама екi дүр­­кiн олим­пиа­да чемпионы Бразилияның талауына түстi. Олимпиаданың алтын медалiн үш мәрте ие­лен­ген Кубаның өрiмтал қыздарын тәжiрибенiң молдығымен ғана еңсере алды. Ал гран-при сайысын 2007 жылы қанжығалаған Нидерланды құрамасына ешқандай қарсылық таныта алмады.
“К” тобының серкесi саналған Бразилия арулары ешкiмдi аяған жоқ. Олар үш құраманы да 3:0 есебiмен ұтып кеттi.
Өзiмiзге қатысты болғандықтан, қыздарымыздың үш күндегi өткiзген үш кездесуi жайлы сөз қозғасақ.
Сана Жарылғасова бастаған қыздарымыз алғашқы ойынын Нидерланды волейболшыларына қарсы өткiзiп, үш сетте 23-25, 14-25, 16-25 есебiмен тiзерледi. Бiз­дiң құрама соңғы сетте мүлде шаршаңқы ойнады. Екiншi кездесуде Куба құрамасын 3:1 есебiмен ұтты.
Куба құрамасындағы “ең кәрi” ойыншы – Мендоза мен Маргарита. Бұлар күзде 23-ке толады. Ең жас ойыншы Варгастың жасы – 13-те. Құрамадағы қалған ойыншылар 18-21 жас аралығында. Ал бiздiң құрамадағы бойжеткенд­ердердiң жасы 20-31 аралығында. Александр Гутор баптайтын қыздарымыз өздерiнен мүшел жас кiшi кубалықтарды зордың күшiмен жеңдi әйтеуiр.
18 тамыз күнгi Қазақстан – Бразилия арасындағы соңғы ойында, бiздiң спортшылар қарсы жақтың көлеңкесiнен қорықты. Рас, жас­қаншақтап ойнады. Бразилия құрамасының серкесi Фабиана мен Шейла төбесiнен төнсе болды, бәрi бүгежектеп қашқақтайды. Рухың жығылса болды екен, қарсыластың мысы басып тұрады. Қонақтар әлемдiк гран-при сайысында емес, құдды бiр жаттығуда жүргендей еркiн ойқастады.
Қазақстан – Бразилия арасындағы тартысты елiмiздiң волейбол федерациясын басқаратын ҰҚК төрағасы Нұртай Әбiқаев келiп тамашалаған-ды. Ойын бiрден бiздiң қыздардың басымдылығымен өрiлгенде Әбiқаев та қол соғып, қолпаштап отырған. Екi сетте құрама бразилиялықтардың алдында 17:25, 16:25 есебiмен тiзе бүктi. Үшiншi сет басталғаны мұң екен, қыздарымыздан қайрат кеттi. Бразилиялықтар бiрден 11 ұпай жинағанда ғана бiздiң жақ 1 ұпай олжалады. Сол мезетте федерация президентi сарайды тастап, ойынды соңына дейiн тамашаламай кетiп қалды. Сiрә, ұлттық құраманың азулы қарсыластың илеуiнде қалғанын бұдан ары көргiсi келмеген шығар. Шешушi сет 10:25 есе­бiмен бiтiп, жеңiс Бразилия құрамасының пайдасына жазылды.
Екi жыл бұрын Алматыда, дәл осы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әлемдiк гран-при са­йысының туры өтiп, қыздарымыз Бразилия, Тайланд, Италия құрамасымен ойнаған. Содан берi құрамадағы қыздардың екi жылға есейгенi болмаса, ұжымдық өренiң дамуы сол баяғы марғау күйiнде екенiн тағы бiр мәрте байқадық.
Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар