1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
9 ақпан 2010
Түркиядан таяқ жегенiмiз аздай-ақ, ендi Германияға кезiктiргенiн қайтерсiз...

Жексенбi күнi Польшаның астанасы Варшавада футболдан 2012 жылғы Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарының жеребесi тартылды. Ендi екi жылдан кейiн Украина мен Польшада жалауын көтеретiн құрлық бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары осы жылдың қыркүйек айында басталады.

Қазақстан құрамасы фут­болшылары Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарына екiншi рет қатысқалы отыр. Бұған дейiн елiмiз­дiң аяқдопшылары 2008 жылғы Австрия мен Швейцарияда өткен Еуропа додасының жолдамасына таласқан болатын. Сол кезде голландиялық бапкер Арно Пайперс жаттықтырған Қазақстан құрамасының футболшылары Португалия, Польша, Сербия, Бельгия, Финляндия, Армения және Әзiрбайжан құрамаларымен бiр топқа түсiп, iрiктеу ойын­дарының қорытындысы бойынша, өз тобында 6-орын­ға ие болған едi. Бiр қызығы, сол кездегi iрiктеу ойындарында бiр топта ойнаған Бельгия мен Әзiр­байжан құрамалары, мiне қайтадан алдымызға келдi.
Қазақстан құрама командасы Еуропа бiрiншi­лiгiнiң iрiктеу ойындарында А тобында өнер көрсететiн болды. Қарсыластарымыз анау айтқандай осал емес. Тiптi А тобын ең күштi топтың бiрiне жатқызуға болады. Германия, Түркия, Бельгия, Австрия сияқты азуы алты қарыс мықтылармен бiр топқа түскен Бернд Шторк­тiң шәкiрттерi топтан озып шығады дегенге сену қиын. 2008 жылғы Еуропа бiрiн­шiлiгiнiң iрiктеу ойындарында бiр топқа түскен Әзiрбай­жан құрамасы да қазақстандықтарға қарағанда допты тәуiр тебедi. Оны Әзiрбайжан футболшылары сан мәрте дәлелдеген де.
Байқап отырсаңыздар, Қазақстан құрамасы iрiктеу ойындарында тағы Түркияға қарсылас атанды. Түрiктер десе қазақ жанкүйерлерiнiң төбе шашы тiк тұрады. Кезiнде 2006 жылғы әлем бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарында сырт алаңдағы 0:4 есебiмен жеңiл­генiмiздi былай қойғанда, Алматыдағы 0:6 есебi кiмдi болмасын бей-жай қалдыра алмайды.
Әлемдiк футболда “қы­зыл сойқандар” деген лақап атпен таныс Бельгия футболшылары қазақ жерiне 2007 жылдың қыркүйек айын­да аяқ басқан. Сол кезде Алматыда өткен ойында 2:2 есебiмен тең ойнаған қазақстандықтар оның алдында сырт алаңда 1:1 есебiмен тең түскен-дi.
А тобында Қазақстан футболшыларымен әлi күнге дейiн ойнамаған екi команда бар. Олар – Германия мен Австрия құрамалары. Екi ұжым да, сөз жоқ, мықты командалар. Әсiресе, Германия футболшылары. Соңғы Еуропа бiрiншi­лiгiнде күмiс алқа тағынған немiс­тер iрiктеу ойындарында топырлатып доп соққанға машықтанып алған. Мәселен, 2010 жылғы әлем бiрiншiлiгi­нiң iрiктеу ойындарында немiстер Лихтен­штейндi сырт алаңда 6:0 есебiмен ұтса, оның алдындағы 2008 жылғы Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеуiнде Сан-Мариноны екi ойында 6:0 және 13:0 есебiмен сан соқтырды. Демек, немiстер де түрiктер сияқты болған мүмкiндiктi мүлт жiбер­мейтiн, ретi келсе қақпаға допты қарша борататын командалардың қатарына жатады. Ең қорқыныштысы да осы емес пе?!
 
Еуропа бiрiншiлiгiн өткiзетiн Украина мен Польша құрамалары жарыс қожайындары ретiнде iрiктеу ойындарына қатыспайды. Қалған 51 команда тоғыз топқа бөлiндi.
А тобы:   Германия, Түркия, Австрия, Бельгия, ҚАЗАҚСТАН, Әзiрбайжан;
В тобы:   Ресей, Словакия, Ирландия, Македония, Армения, Андорра
С тобы:   Италия, Сербия, Солтүстiк Ирландия, Словения, Эстония, Фарер аралдары;
Д тобы:   Франция, Румыния, Босния және Герцеговина, Беларусь, Албания, Люксембург;
Е тобы:   Голландия, Швеция, Финляндия, Венгрия, Молдова, Сан-Марино;
F тобы:   Хорватия, Грекия, Израиль, Латвия, Грузия, Мальта;
G тобы: Англия, Швейцария Болгария, Уэльс, Черногория;
H тобы: Португалия, Дания, Норвегия, Кипр, Исландия;
I тобы:    Испания, Чехия, Шотландия, Литва, Лихтенштейн.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар