1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15825) 16 шілде, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 шілде 2013
Серкенi сүрiндiрдi

Өткен аптада футболдан ел чемпионатының 19-тур ойындары өттi. Бұл турдағы басты жаңалық топ басындағы “Ақтөбенiң” сүрiнуi болды.

Қостанайға қонаққа барған ақтөбелiктер 0:1 есебiмен есе жiбердi. Ойындағы жалғыз голды 55-минутта Бугаев пенальтиден тоғытты.
“Ақтөбе” биылғы бiрiншiлiкте осымен екiншi мәрте жеңiлiп отыр. 10-турда (11 мамыр) “Қайрат” футбол клубынан 1:0 есебiмен ұтылғалы ақтөбелiктердiң ұнжырғасы түскен емес. Ел чемпионаты орта тұсынан ауғанша ешкiмге есе жiбермей келе жатқан клубты сегiз турдан кейiн “Тобыл” ойыншылары тоқтатты.
Шымкентте “Ордабасы” өс­кемендiк “Восток” футбол клубын iрей жеңдi. 12-минутта Эндрю Мвесигва есеп ашып, алаң қожа­йындары алға шықты. Павлодарлық бас қазы Виктор Антонов 32-минутта “Восток” қақпасына пенальти тебу мүмкiндiгiн тудырды. Эдин Юнузович мүлт кетпедi. 38-минутта Қайрат Әшiрбеков есептi 3:0-ге жеткiзгенде ғана қонақтар бас көтердi. 47-минутта Сергей Костюк есеп айырмасын қысқартып, әрiптестерiн серпiлткендей болғанымен, ештеңе өне қойған жоқ. Керiсiнше, шымкенттiк клуб ойыншылары голға сусап, 55-минутта Лопес Родригес төртiншi голды тоғытып кеттi.
Алматылық “Қайрат” өз алаңында ел чемпионы “Шахтердiң” ойыншыларын әбден терлеттi. Сергей Хижниченко 17-минутта есеп ашып, қонақтар алға озып алған, табандылық танытқан алматылық клубтың ойыншысы Александр Кислицин 90-минутта таразы басын теңестiрiп, командасын жеңiлiстен алып қалды.
“Мұнайшы” стадионында жер­гiлiктi “Атырау” мен талдықорғандық “Жетiсу” арасындағы ойын тең нәтижемен аяқталды. Алексей Щеткин 77-минутта гол соғып, жерлестерiн қуантқанымен, басымдық ұзаққа созылған жоқ, 79-минутта Давронжан Эргашов таразы басын теңестiрдi.
Бас бапкерсiз қалған елордалық “Астана” футбол клубы өз алаңында оралдық “Ақжайық” клубын 3:1 есебiмен тiзерлеттi. Ойынның 22-минутында Таңат Нөсербаев есеп ашты, 36-минутта Алексей Мальцев есептi теңестiрген. Бұдан әрi оралдық клубтың шабуы­лы саябырсып, есесiне алаң иелерi күш алды. Нәти­жесiнде Дамир Кояшевич 60-минутта астаналықтарды алға шығарса, Бауыржан Исламхан 77-минутта үшiншi голды соқты.
“Астана” футбол клубының һәм ұлттық құраманың капитаны Қайрат Нұрдәулетов пенальтиден гол соға алған жоқ.
“Тараз” өз алаңында павлодарлық “Ертiске” жол бердi. Сергей Ивановтың 60-минутта соққан голы қонақтарды жеңiске жет­кiздi.
19-турдан кейiнгi турнир кестесi
Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар