1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15822) 4 шілде, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
4 шілде 2013
Спорт ақпарат

ҚОЛАҒА ҚАНАҒАТ

Индонезияның Джакарта қаласында таэквондодан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. VII-мәрте ұйымдастырылған құрлық бiрiншiлiгiнен елiмiздiң құрамасы 4 қола жүлде олжалап қайтты.
Ерлер арасында Артур Ким 45 келiде, Саян Мәулетхан 78 келi салмақта Азия чемпионатының қола жүлдесiн иелендi. Қыздардың жарысында   Фариза Алдонғарова 55 келiде, Жұлдыз Бүркiтова 68 келiден жоғары салмақта қола жүлденi қанат еттi.
Жастар құрамасының аға бапкерi Мырзағали Сұлтанов төрешiлер бұра тартпағанда құрлық бәйгесiнiң алтын жүлдесi де уыста тұрғанын айтты.
 
АЛЫПТАР АЙҚАСЫ ӨТЕТIН БОЛДЫ
Кәсiпқой бокстың қос алыбы украиналық Владимир Кличко мен ресейлiк Александр Поветкин арасындағы келiссөз нәтижелi болды. Ендi екi мықты қара күзде, яғни 5 қазан күнi Мәскеудегi “Олимпиский” спорт кешенiнде “мүйiздеседi”.
Владимир Кличко IBF, WBA, WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы деген белбеудi иеленiп, кәсiпқой бокс тарихына өзiнiң атын алтын әрiппен қалдырды. Осы табысқа жету үшiн ол 60 мәрте жекпе-жекке шығып, 57 кездесуiнде жеңiске же­тiп, (51 рет қарсыласын есiнен тандыра сабаған)    3 рет қарсыласының қақ­панына түсiп қалып, жеңiл­ген едi. Ал Поветкиннiң Кличкоға қарағанда тә­жiрибесi аздау, кәсiпқой боксқа бет бұрғалы ол 26 рет жекпе-жекке шығып, бәрiнде жеңiстi ешкiмге бермеген. Поветкин де қаражаяу емес, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген белбеуге ие.
Екi дәудiң жекпе-жегi үшiн 22 миллион АҚШ доллары тiгiлiп отыр. Владимир жеңсе де, жеңiлсе де 17 миллион доллар сыйақыны қалтасына салып алып кетедi. Қалған 6 миллион доллар – Поветкиннiң үлесi.
 
“АРЛАННЫҢ” ТIСI БАТА МА?
Бүкiләлемдiк бокс серия­сының (WSB) төртiншi маусымының жеребесi тартылды. Үшiншi маусымда жеңс­ке жеткен елiмiздiң “Астана арландары” клубы “В” тобында сынға түсетiн болды.
Швейцарияның Лозанна қаласында өткен жеребе тарту рәсiмiнде бiздiң бокс­шылардың қарсыластары анықталды. Топтық кезеңде “арландар”   мексикалық “Mexico Guereros”, кубалық “Cuba Domadores”, әзiр­байжандық “Baku Fires”, ресейлiк “Russian Boxing Team” және поляктiң “Hussars Poland” клубтарының боксшыларына қарсы шығады.
Сергей Корчинский баптайтын “Астана арландарына” мексикалықтар да, орыс­тар да, әзiрбайжан­дық­тар да бөтен емес, себебi бұ­ған дейiн бұл елдiң клубтарымен айқасып та көрдi. Елiмiздiң боксшылары ал­ғаш рет польшалық және кубалық клубтың боксшыларына тiсiн батырып көрмек.
Төртiншi маусымның тү­ң­лiгiн ашар жекпе-жек елiмiзде өтедi. Қонаққа әзiрбайжандық клуб келедi.
 
ТIЗЕ ҚОСЫП КӨРМЕК
Руслан Өмiрәлиев баптайтын елiмiздiң еркiн күрес құрамасы АҚШ-тың ұлттық құрамасымен бiрлескен жаттығу жиынын өткiзбек. 15 адамнан жасақталған құрама балуандары АҚШ-тың Колорадо штатындағы спорт кешенiнде жаттығуды пысықтайды. Одан бөлек екi елдiң ұлттық құрамасы жолдастық белдесу сайысын да өткiзедi.
 
БӘЙГЕНI БЕРМЕДI
Павлодарда волейболдан президент Н.Назарбаевтың кубогы үшiн өткен халықаралық турнирде елiмiздiң қыздар құрамасы жеңiске жеттi. Аптаға созылған сайыстың финалында Александр Гутор баптайын ұлттық құрама қытайлық “Ляонин” клубының қыздарын 3:1 нәтижесiмен жеңдi. Қола жүлде Беларусь құрамасының ұжымына бұйырды.
Осы сынға қатысқан елiмiздiң қосалқы құрамасы 4-орынды мiсе тұтты.
1994 жылдан берi өтiп келе жатқан халықаралық турнирдiң былтырғы бас бәйгесiн Таиланд қыздары жеңiп алған болатын.
 
АЛҒАШҚЫ АДЫМ
Бүгiн елордалық “Астана” футбол клубы Еуропа лигасының iрiктеу ойынын бастайды. Мирослав Беранек баптайтын “Астананың” қарсыласы – болгарлық “Ботев” клубы. Болгарлық клубтың бас бапкерi Станимир Стойлов осы ойынға қатысуға тиiс команда мүше­лерiнiң тiзiмiн жария еттi. Астанаға бас бапкер 18 футболшы ертiп келiптi.
Кешкi сағат 8-де басталатын ойын бiткен соң болгарлық клуб Алматыға ұшып келедi де, iле Түркияның Стамбул қаласына ұшады. Одан ары Болгарияның Плодив қаласына өздерiнiң автобусымен жөнейдi. Болгарияда өтетiн қарымта кездесу 11 шiлдеге жоспарланған.
 
БIРЕУI САПТАН ШЫҚТЫ
Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионатына аттанған 10 спортшының бiрi алғашқы айналымда-ақ аттан ауып қалды.
52 келiде сынға түскен Iлияс Сүлейменов филип­пиндiк Рею Солюдарға есе жiбердi. 
60 келi салмақта Берiк Әбдiрахманов алғашқы айналымда қытайлық Лиу Цянды сабады, 91 келiден жоғары салмақта Иван Дычко иорданиялық Сайф Бадранды жеңдi.
Берiк келесi айналымда ирактық Ганим Әмiрге қар­сы тұрса, Дычко үндiстан­дық Сатиш Кумарға қарсы жекпе-жекке шығады.
Беттi әзiрлеген Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар