1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15822) 4 шілде, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
4 шілде 2013
Төрешiлер танымының таяздығы үшiн ұялдым

Жазылған жайдың жалғасы

Айта кететiн бiр жәйт – бұл жолғы “Қазақстан Барысы” турнирi ана тiлiмiзде өт­тi. Жарысқа елiмiзде тұратын басқа ұлттардың балуандары да қатысты. Бұрын қазақтан өзге ұлттың бiр өкiлi қатысса болды, кез-келген жиын-той орыс тiлiнде өтушi едi ғой.
Бұл турнирдiң бұған дейiнгi өткен екi жарысы да жақсы ұйымдастырылып, ың-шыңсыз бiткен едi. Ал биылғы үшiншi жарыс дау-дамаймен бiттi. Бұл жолы бәсекеде бақ сынаған 32 балуан ел iшiнде небiр апайтөс алыптардың бар екенiн жалпақ жұртқа паш еттi. Тұңғыш “Қазақстан барысы” атанған Ұлан Рысқұл, екiншi “Қазақстан барысы” Бейбiт Ыстыбаев және есiмi елге таныла бастаған басқа да жас балуандар шоғыры қатыс­қан осы бәсекенi күнi бойы тамашаладық.
Бiрақ жарыстың соңы көтерiңкi көңiлiмiздi су сепкендей басты. Төрешiлер­дiң түсiнiксiз әрекетi жап-жақсы жарыстың шырқын бұзып жiбердi. Жартылай финал бәсекесiнде кiлемге шыққан Бейбiт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеевтiң белдесуi тең аяқталды. Бiрақ Е.Шынкеев: “Менiң қолданған әдiсiмдi есепке алмадыңдар”, – деп шу шығарды. Бас төрешi ереже бойынша бәрi дұрыс болғанын түсiндiрдi. Тiптi бәсеке бейне көрiнiстен бiрнеше рет қайталап көрсетiлдi де. Сонымен, бәрi реттелiп, екi балуан жарыс ережесi бойынша белбеуден ұстап қосымша күрестi. Қазақ күресiне шыққандар бұрын белбеу буынып күрескен ғой.   Бұл жолы Бейбiт Ыстыбаев жеңдi де, финалға өттi деп хабарланды. Кенет бұл бәсекеде Ержан Шынкеев жеңген болып шықты. Мәссаған, безгелдек! Бә­секенiң тағдыры осының алдында ғана жарияланып, Бейбiт Ыстыбаевтың қолы көтерiлiп қойғанына қарамастан кiмнiң жеңгенi қайта қаралып, әдiлқазылар алқасының дауыс беруiмен шешiлдi. Мұндайды кiм көрген? Бұрын-соңды кү­рес­тiң жеңiмпазы қашан дауыс берумен шешiлiп едi? Дауысқа салатындай, әдiл­қазылар алқасын құрып, төрелiктi соларға айтқызатындай қазақ күресi конкурс емес қой. 
Жарыстың бұлай дау-дамаймен аяқталғанын тi­келей эфир арқылы тамашалаған “Боец” арнасының көрермендерiнен ұялып отырмын.
Мұндай заңсыздыққа кiнәлiлер   жауап беруi тиiс! Қазақтың төл өнерiн, ұлттық спортын саудаға салғандар­ға осы сайысты ресми түрде ашық деп жариялаған   премьер-министр Серiк Ахметовтың өзi табандап тұрып талап қоюы қажет! Бұған жол берген адамдар атқарып отырған лауазымдарына қарамай жауап беретiн болсын. Әйтпесе, мұндай заңсыздық жалғаса бередi де, әдiлдiк болмаған жерде тәртiп те орнамайды.  
Төрешiлердiң заңсыз шешiмiнiң салдарынан бас бәйге үшiн белдесуден шеттетiлген соң үшiншi орынға таласта кiлемге шықпай қойған Бейбiт Ыстыбаев бауырымыздың жасымауын, қайта ширығып, қазақ күресiнiң болашағы үшiн тер төгiп, еңбек ете беруiне тiлеушiмiн.  
Ғазизбек ТӘШIМБАЙ,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар