1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
9 қараша 2017
Мәдинаның биігі

Вьетнамның Хошимин қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты мәреге жетті. Отандастарымыздың арасынан Мәдина Нұршаеваның (64 келі) жұлдызы жанды. Ол финалда қытай қызы Доу Даннан басым түсті. Сөйтіп, Мәдина өзінің әзірше ең үлкен табысына қол жеткізді.

Нұршаеваның жеңіс жолы мынадай:
Ширек финал. Нгуен Тхи Туйен (Вьетнам) – 5:0

9 қараша 2017
Әлемдік деңгейдегі қазақ бапкері: Октябрь Жарылғапов

Қазақ волейболы десе, ең алдымен Октябрь Жарылғапов есімі еске түседі. Ол кісі ұлтымыздың басына нәубет төнген 31-ші жылы дүниеге келді. Бірақ рухы азат, жаны жайсаң болыпты. Тар кезеңде туса да, халқының намысын жоқтаудан тайынбаған екен. Сол тұста қазақ үшін тым таңсық, Еуропа таласа ойнаған волейболды айналасы бес-он жылда Алматының төріне, қазақтың жүрегіне

7 қараша 2017
«ACTAHA» – төрт дүркін чемпион

Қазақстан премьер-лигасы
32-тур. 5 қараша

«Қайрат» – «Ақтөбе» – 3:2 (Арзо, 44, Гоу, 53, Аршавин, 70 – Савич, 60, Шимкович, 90+7)
«Астана» – «Ақжайық» – 2:0 (Кабананга, 50, 90+4)
«Ордабасы» – «Оқжетпес» – 3:2 (Йорданов, 51, 80, 87 – Досмағамбетов, 40, Недашковский, 56)
«Ертіс» – «Шахтер» – 1:0 (Фонсека, 90+3)

2 қараша 2017
Әлемдік деңгейдегі қазақ бапкері: Шоқыр Бөлтекұлы

Шоқыр Бөлтекұлы. Сонау бала кезде атын естіп, ұзақ жылдар сырттай қадір тұтқан жұдырықтай ғана қайсар қазақ! Бірақ сол бәкене бойлы тарланның ішінде қандай жанартау бұғып жатқанын су ішкілігі спорттан болған жандар жақсы біледі.
Шоқыр Бөлтекұлы. Тұтас бір тарихи дәуірдің тұма бұлағы. Сол тұма бұлақ қамшының сабындай қысқа уақытта арнасын кере арқыраған асау өзенге

1 қараша 2017
Егес әлі біткен жоқ

Қазақстан премьер-лигасы
32-тур. 28 қазан
«Ақжайық» – «Қайсар» – 0:0
«Атырау» – «Тараз» – 3:2 (Сикимич, 71, Хайруллин, 77, Аблитаров, 81 – Зайнутдинов, 69, 79)
«Шахтер» – «Тобыл» – 1:1 (Стоянович, 83-пенальтиден – Молдақараев, 10)

1 қараша 2017
Жуан жұдырық жігіттер

Головкин-Альварес кездесуінен кейін қазақстандық бокс жанкүйерлері жеңіл салмақтағы Жақиянов-Барнетт кездесуіне көз тігіп еді. Өкінішке қарай, отандасымыз төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді. Өзінің айтуы бойынша, Жанат жаңа жылға дейін демалмақшы. Алдағы жылдың жоспары белгілі болған соң ғана Жақиянов жұрт алдына қайта шығады.

1 қараша 2017
Әлия БАТҚҰЛДИНА, волейболшы: ВОЛЕЙБОЛҒА АЛҒАШҚЫ ЖАТТЫҒУДАН-АҚ ҒАШЫҚПЫН

– Саған басқа клубтардан да шақыртудың түсетіндігі белгілі. «Жетісуға» қайта оралуға қандай мақсатта келісім бердің? Қандай шарттары ұнады?
– Негізгі мақсатым – Қазақстан чемпионы болу. Жалпы, «Жетісу» клубы маған ұнайды. Қалыптасқан қағидалар мен белгілі ұстанымдар бар. Барлық шарттары ұнады.

26 қазан 2017
Тәуелсіздікке дейінгі ең үздік 10 қазақ спортшысы кімдер?

Бәріміз жұмыр басты пендеміз. Сондықтан осы мақаланы жазу барысында қателесуіміз әбден мүмкін. Біз үздік санаған сайыпқыран кей оқырманның көңіліне қонбайтын шығар. Әйтсе де 30 жылдан астам уақыт қалам тартқан спорт саласындағы жиған-тергенді екшеп, оңы мен солымызды сараптап, Қазақ елі азаттық алғанға дейінгі ең таңдаулы 10 спортшыны анықтауға бел будық. Алаш спортының көшін

24 қазан 2017

Алматы қаласында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан өткен дәстүрлі ER JANIBEK CUP-2017 халықаралық турнирі мәресіне жетті. Биылғы турнир белгілі ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдық мерейтойына арналды. Ойынның бірінші күнгі қорытындысы бойынша, екінші кезеңге «Қазақ Стамбұл» (Түркия), «Әмір» (Ресей, Саратов қаласы), «Байөлке» (Моңғолия), «Дастан» (Иран), «NFC

24 қазан 2017
Тартыс қайта басталды

Қазақстан премьер-лигасы
31-тур. 21-22 қараша
«Қайрат» – «Ақжайық» – 2:1 (Исламхан, 10-пенальтиден, Анене, 67 – Дудченко, 31-пенальтиден)
«Ертіс» – «Ақтөбе» – 1:1 (Фог-Поррье, 90+7-автогол – Шимкович,

24 қазан 2017
Жанат жеңілді ме?

21 қазан күні отандасымыз Жанат Жақиянов солтүстікирландиялық Райан Барнеттпен кездесті. Бұл жекпе-жекте Жақияновтың – жеңіл салмақтағы WBA (Super) нұсқасы бойынша, Барнеттің IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атақтары сарапқа салынған еді. Жанат біріккен жекпе-жекке Г.Головкиннен кейін шығуға мүмкіндік алған екінші отандасымыз

19 қазан 2017
Ару айға қаратып кетті ме?

«Астана» командасының көшбасшысы Фабио Ару күтпеген жерден UAE Team Emirates командасымен келісімшартқа қол қойды. Біздің команда Арумен келіссөз жүргізіліп жатқаны туралы бұған дейін бірнеше рет хабарлаған-ды. Келіссөздердің ауыр жүріп жатқанын, дегенмен бәрі сәтті аяқталуға жақын екенін айтып, жанкүйер көңілін орнына түсіргендей еді. Мына жаңалық

17 қазан 2017
Дычконың қарқыны күшті

Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко кәсіпқойлар арасындағы екінші кездесуінде де жеңіске жетті. Әуелгі жекпе-жегін ол Даллас қаласында америкалық Ейбур Райтпен өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Араға екі апта салып Иван шаршы алаңға қайта шықты. Бұл жолы ол Флорида штатының Тампа қаласында Родригес Кейджбен

17 қазан 2017
«Қайрат» – сегізінші рет кубок жеңімпазы

Биыл Қазақстан кубогының ойындары жаз ортасына дейін өтіп, финал қазан айына жоспарланды. Мұндай асығыстықтың себебі түсінікті: күзде ұлттық құрама ойындары өтті, сондай-ақ премьер-лигадағы ойындар саны біреуге артты. «Атырау» финалға ресейлік С.Павловтың басшылығымен жетсе, алматылықтарды грузиялық К.Цхададзе баптаған еді. Бірақ финалға екі команданы

17 қазан 2017
Салмақтар тағы өзгерді

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2018 жылдан бастап әлем чемпионаттарында жүлде сарапқа салынатын салмақ түрлерін көбейтті. UWW президенті Ненад Лалович енді балуандар бұрынғыдай сегіз емес, 10 салмақ дәрежесінде сынға түсетінін мәлім етті. Негізгі өзгерістер грек-рим күресіне тиесілі. Бұл спорт түрінде барлық салмақ дәрежесі өзгеріске түсті. Енді балуандар әлем чемпионаттарында

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»