1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15811) 28 мамыр, сейсенбі 2013
28 мамыр 2013
Шетел жаңалықтары

МЕРКЕЛЬ БҮЛДIРIП ҚОЙДЫ

Германияның канцлерi Ангела Меркель орынсыз әзiлдеймiн деп Германия мен Венгрияны араздастырып алды. “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледi” дейдi қазақ мұны.
Дауды тұтатуға Мер­­­кельдiң саяси қарсыласы, социал-демократ Пеер Штайнбрюк себепкер болған. Ол Меркельге: “Венгрияны Еуропалық одақтың құ­рамынан шығару керек”, – деген. Оған Мер­­кель бүй деп жауап берiптi: “Венгрияға бiр­ден кавалерия жi­бер­меймiн. Венгрия үкi­метiн дұрыс жолға салу үшiн қолымнан келген­нiң бәрiн жасаймын”.
Бұған Венгрияның премьер-министрi Виктор Орбан ұтқыр жауап бердi. “Бiр замандарда немiстер Венгрияға кавалериясын танктермен жiберген. Алайда мұ­нысы өте нашар идея болды және ешқандай нәтиже берген жоқ. Мер­­кельдiң саясаты Гитлердiң саясатына ұқсап барады”.
Меркель өзiнен көр­сiн. Еуроодақтың бетке ұстары деген Герма­ния­ның тiзгiнiн ұстап отырған адамның сөзi әлгiн­дей болса...
 
БАРАК ОБАМА: МЕН ГУАНТАНАМОНЫ ЖАБАМЫН
АҚШ президентi Барак Обама ұлттық қорғаныс универси­тетiнде сөз сөйлеп, лаңкестiкпен күрестiң жаңа тәсiлдерiн талқыға салды. Обаманың айтуынша, АҚШ-тың құзырлы органдары үлкен ұйымдармен емес, “жиһадты насихаттайтын” шағын топтармен күресуге тиiс. Ол атақты Гуантанамо (Кубаның оңтүстiк-шығысында) түрмесiн жабатынын айтты.
“Мен Гуантанамоны жабамын. Пентагон әскери сот өткiзетiн жердi дайындауы керек. Гуантанамодағы жазасын өтеп жатқандар сонда ауыстырылады”, – дедi Барак Обама.
 
КОРОЛЬДI ҚАЙТА ЖЕРЛЕДI
Сербияның астанасы Белградта Югославияның соңғы королi II Петр Карагеоргие­вичтiң сүйегiн астананың iргесiндегi Әулие Георгий шiркеуiне қайта жерледi. Король осыдан 43 жыл бұрын АҚШ-та көз жұмған едi.
Югославияның үшiншi әрi соңғы королi II Петр әкесi I Александрды 1934 жылы қастандықпен өлтiрген соң таққа отырған. 1941 жылғы төңкерiс кезiнде II Петр Югославиядан қашып кеттi. Ол 1970 жылы 47 жасында АҚШ-та өлдi.
 
ШОЙГУ ӘСКЕРIН АЯҒЫНАН ТIК ТҰРҒЫЗДЫ
Мамырдың 27-сi күнi Ре­сейдiң әуе-ғарыш қорғанысы, Қиыр шығыс және әскери-техникалық авиациясы дабылмен дүрк көтерiлiп, шабуылға дайын тұрды. Кейiн белгiлi болғанындай, Батыстан төнуi мүмкiн қауiптiң алдын алу мақсатында әскердiң дайындығын тексерiп көру үшiн Ресейдiң қорғаныс министрi Сергей Шойгу Бiшкектен дабыл қақтырған екен.
8700 жауынгер, 185 әскери ұшақ, 240 брондалған арнайы көлiк дабылдан соң шабуылға сақадай-сай тұрған.

Дайындаған Е.Көшербай.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті