1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15672) 24 қаңтар, сейсенбі 2012
24 қаңтар 2012
Шетел жаңалықтары

АҚШ СОТЫ ОБАМАНЫ ДА ОҢДЫРМАЙДЫ

Алдағы президенттiк сайлауда Барак Обамаға оңай болма­йын деп тұр. Атланта қаласының соты Барак Обаманы бейсенбi күнге сотқа шақыртты. Президенттiктен үмiткер һәм миллиардер Дональд Трамп сотқа арыз түсiрiп, Обаманың “АҚШ-та тудым” дегенiне күмән келтiрiптi. АҚШ заңдары бойынша, АҚШ-та туған азамат қана президент болып сайлана алады. Обама өзiнiң өмiрбаянында “АҚШ-тың Гавай штатында тудым” деп көрсеткен. Ал егер Дональд Трамп Обаманың өзге елде туғанын сотта дәлелдесе, онда Обаманы сот оңдырмайды.
 
ЙЕМЕН ПРЕЗИДЕНТI ӘЛИ АБДАЛЛА САЛЕХ: “МЕНI КЕШIРIҢДЕР”
“Билiктi өткiзiп беретiн уақыт келдi” деп мәлiмдеген Йемен президентi Әли Абдалла Салех елден қашып кеттi. Бұл туралы SABA ақпарат агенттiгi хабарлады. Әли Абдалла Салех АҚШ-ты паналамақ.
Жексенбi күнi жақтастарын жинаған ол былай деп мәлiмдептi: “Мен бүгiн елдiң тағдырын сiздерге қалдырмақпын. Әрқайсыңызға алғысым шексiз. Өз халқымнан кешiрiм сұраймын”.
Иегiнiң астына пышақ та­қал­ғанда ғана тұра қашу диктаторлардың бағзыдан әдетi ғой. Йемен басшысы да сөйттi. Әйтпесе, билiктен сүйкiмдi кет­кiм келедi десе, оған кiм қой дептi.
 
“ГИТЛЕР СТАЛИНДI САН СОҚТЫРЫП КЕТТI”
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың соңына қарай Гитлер ашынасы Ева Браунмен бiрге Берлиннен қашып кеткенi жайлы гу-гу бұрыннан бар. Британдық тарихшылар “осы әңгiменiң рас екенiн түбегейлi дәлелдедiк” дейдi.
Зерттеушiлер Джерард Уильямс пен Саймон Данстеннiң айтуынша, 1945 жылы сәуiр айының соңында кеңес әскерi Берлинге кiрген сәтте фюрер мен оның ашынасы құпия тоннель арқылы қашып шығып, дат қаласы Тондерге жеткен. Одан әрi Барселонаның түбiндегi Реус қаласына тоқтап, испаниялық диктатор генерал Франко өз ұшағымен қашқындарды Канар аралдарына апарып тастаған. Одан соң Гитлер мен ашынасы сүңгуiр қайықпен Аргентинаға қашқан. Гитлердi қашыруды 1943 жылдан бастап Гитлердiң серiгi Мартин Борман ойластырған. Борманның өзi де бет-әлпетiне пластикалық операция жасатып, 1959 жылға дейiн өмiр сүрген.
Ал Гитлер болса, 1953 жылға дейiн Ева Браун екеуi бақуатты ғұмыр кешiптi. Олардың екi қызы болған. 1953 жылы Гитлер Ева Браун­нан ажырасқан. Зерттеушiлердiң жазуынша, фюрер Сталин көз жұмғаннан кейiн тоғыз жылдан соң, 1962 жылы ғана өлген.
 
МОЛДОВА ДА ТОЛҚЫП ТҰР
                Жексенбi күнi Молдованың астанасы Кишиневте үкiметке қарсы наразылық шеру болды. Шерушiлер үкiметтен әдiл сайлау өткiзудi, әлеуметтiк жағдайды жақсартуды талап еткен.
Шерудi бiрнеше оппозициялық партия мүшелерiнен құралған Конституцияны қорғау комитетi ұйымдастыр­ған.
Дайындаған – Е.Биеке.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті