1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15632) 1 қыркүйек, бейсенбі 2011
1 қыркүйек 2011
Шетел жаңалықтары

 “ПУТИН ДЕ, МЕДВЕДЕВ ТЕ ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ”

Әр билiктiң тұсында өз сұрқылтайы болады. Мәселен Қазақстан билiгiнiң сұрқылтайы њәм “бұлбұлы” – Ермұхамет Ертiсбаев. Билiк көкейiндегiнi соның аузымен айт­қызады. Ертiсбаев сияқты Ресейдiң де өз сұрқылтайы бар. Ол – Владимир Жириновский. Қазақстанның Қасымов сияқты президенттiк сайлаудан қалмайтын “кезекшi кандидаты” бар, ал Ресейде бұл “мiндет” тағы сол баяғы Жириновскийдiң мойнына жүктелген.
Жириновский келер жылдың наурызында Ресейде өтетiн президенттiк сайлауға қатысты бүй дедi: “Менiң пайымдауымша, 2012 жылы наурызда өтетiн президенттiк сайлауда қазiргi президент Дмитрий Медведевпен, премьер-министр Владимир Путинмен және Коммунистiк партияның басшысы Геннадий Зюгановпен бәсекеге түсуiме тура келiп тұр.
Екiншi тур мiндеттi түрде өтедi және өте қызық болады. Екiншi турға кремль өкiлi мен оппозициядан бiреу өтуi мүмкiн.
Мен төрт рет президенттiк сайлауға түстiм. Егер менiң партиям “сайлауға қатыс” десе, тағы да қатысамын”.
 
“САЯСИ АСТАРЫ БАР СОТТЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК”
Польшаның президентi Бронислав Коморовский Украинаның экс-премьерi Юлия Тимошенкоға қатысты сот процесiне пiкiр бiлдiрдi.
– Юлия Тимошенкоға қатысты қылмыстық iстен лас саясаттың иiсi мүңкидi. Бұл процесс Украина мен Еуроодақтың арасына сызат түсiредi. Сондықтан бұл саяси астары бар сотты тоқтату керек, – дедi Б.Коморовский.
Польша президентi мұны Варшавада Украина президентi Виктор Януковичпен кездескеннен кейiн айтты. Оның үстiне Польша Еуроодаққа төрағалық етiп отыр. Сондықтан да мұндай дақпыртты iстерге араласуға мәжбүр.
 
КАДДАФИ ҚАШТЫ...
Жарты жылға созлған билiкке талас соғысында Ливияда 50 мыңға жуық адам қаза болған. Бұл жөнiнде төңкерiс­шiлердiң жетекшiсi, полковник Хишама Бугахияр мәлiмдедi. Мисратта болған шайқастың өзiнде ғана 7 мыңнан астам адам оққа ұшыпты. Соған қарамастан Муаммар Каддафи билiктi ешкiмге бергiсi жоқ. Төңкерiсшiлердiң талабын Каддафи әзiрге мойындай қоймады.
Кейбiр деректерге қарағанда, Кад­дафидiң жұбайы Сафия Фаркаш, үш баласы — Аиша, Мұхаммед және Ганнибал Алжирге қашып барған. Ал Кадда­фи­дiң өзi нақты қайда екенi әзiрге бел­гiсiз.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті