1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15450) 1 желтоқсан, сейсенбі 2009
1 желтоқсан 2009
Иран уран байытатын 10 зауыт салмақшы

Иран билiгi Батыстың көптеген ескертулерiне қарамастан уран байытуды үдетiп келедi. Бүгiн Иран өзiнiң уран байытатын 10 жаңа зауыт салу жоспарын жариялап, олардың құрылысы екi айдың iшiнде басталатынын мәлiмдедi. Бұл туралы Иранның мемлекеттiк телеарнасы хабарлады.

Бұл “Тегеран ядролық қару жасап жатыр” деп күдiктенiп отырған Батыс пен Иранның арасындағы байланысты тiптен ушықтыра түспек. Иранның парламент спикерi Али Ларижани Тегеран МАГАТЭ-мен ынтымақтастығын айтарлықтай төмендетедi деп ашық айтты.
Жұма күнi БҰҰ-ның атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiгi Иран уран байыту жұмыстарын iстеп жатқан зауыттарын жапсын деген қарар қабылдаған болатын. Бiрақ Иран билiгiне қосымша он зауыт салуға БҰҰ-ның бұл сөзi де кедергi келтiре алмады.
Иранның бұл әрекетiнен кейiн Батыс елдерiнiң ескертулерi тiптен үдеп кеттi. АҚШ пен Германия “алаңдаушылық” бiлдiрiп, оларға шектен шықпауын ескертсе, Британия сыртқы iстер министрi Дэвид Милибэнд Иранды «арандатушылық жасамақшы» деп айыптады. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті