1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15617) 14 шілде, бейсенбі 2011
14 шілде 2011
Джек-поттың рекордын жаңартты

Би-Би-Си-дiң хабарлауынша, Ұлыбританияның азаматы EuroMillions   лотереясында 185 миллион еуро джек-пот  ұтып алып, рекордтық ұтысты жаңартты. 2004 жылы ойнатыла бастаған EuroMillions лотереясына 9 елдiң, атап айт­сақ, Аустрия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Ирландия, Люксембург, Португалия, Испания  және Швейцарияның   тұрғындары  қатыса алады.

Қаза тапқандардың саны 99-ға жеттi
Ресейдiң Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң хабарлауынша, “Булгария” кемесiнде болған қайғылы оқиғаның салдарынан қаза тапқандардың саны 99-ға жеттi.
Естерiңiзге сала кетейiк, өт­кен жексенбiде Татарстан республикасы, Волгадағы Куйбышев су қоймасында 196 жолаушысы бар “Булгария” кемесi жағалаудан 3 шақырым жерде суға батып кеткен едi. Ресми мәлiмет­терге жүгiнсек, апатқа ұшыраған кеме iшiнде 110-ға жуық адамның мүрдесi болған. Олардың кем дегенде 30-ы балалар.
Ресей президентi Дмитрий Медведев апаттың себебiн анықтау үшiн арнайы тергеу тобын құруға, сондай-ақ, зардап шеккендер мен олардың туыстарына қажеттi көмек беруге бұйрық бердi.
Дайындаған – Дилара ИСА.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті