1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15581) 10 наурыз, бейсенбі 2011
10 наурыз 2011
Әлем айшықтары

ЛЭЙДIҢ «БАҚТАЛАСТАРЫ» БАР БОЛЫП ШЫҚТЫ  

Мьянме (Бирма) мемлекетiнде дүниеге келген Лэй Яди Мун жақында бiр жасқа толады. Лэй анасы және әпкесiмен бiрге тұрады. Дәрiгерлердi таңғалдырған жағдай: Лэйдiң әр қолында алты саусақ, ал аяқтарында 7 саусақтан бар едi.
 2010 жылы Лэй Гиннестiң рекордтар кiтабына енедi. Әйтсе де Лэйдiң “бақталастары” бар болып шықты. Дәл қазiр Гиннестiң рекордтар кiтабына екi ұлбаланың енгенi белгiлi болды. Олардың әрқайсысының қолдарында 25 саусақтан бар екен. Аяғында 16 саусағы бар тағы бiр үндiлiк бала Гиннестiң рекордтар кiтабына енiптi.
 
АТАКАМА ШӨЛIНДЕ ҚАР ЖАУДЫ
Чилиде аяқ астынан оқыс оқиға болды. Мемлекеттiң ең құрғақ, ең ыстық деп есеп­телетiн атақты Атакама шө­лiн­де қар жауды. Ауа райының қолайсыздығынан ең iрi обсерватория уақытша жабылды. Бiрнеше қала қар астында қалды. Жол қатынасы мен элетрожабдықтар iстен шықты. Сөйтiп, шөлде жауған қалың қар елдi әбiгерге түсiрдi.
Табиғаттың бұл құбылысына, әрине, балалар қатты қуанды. Үлкендер жолды қардан тазалап жатқанда, олар бiр-бiрiне қар лақтырысып, ақшақар жасап мәз болды.
 
103 ЖАСТАҒЫ “ҚЫЗ”
Ұлыбританияның 103 жастағы тұрғыны Глэдис Гаф өзiнiң бұлайша көп өмiр сүруiнiң құпиясын ашты. Ол арақ iшпептi, темекi тартпапты, нашақорлықпен айналыспапты және... күйеу­ге шықпапты. “Ешқашан жiгiтiм де болған емес. Тiптi еркектер менi ешқашан қызықтырған да емес”, – дейдi Глэдис.
Глэдис сiңлiсi Эдна екеуi көп елдердi, көп жерлердi аралаған. Екеуi де саяхаттауды жақсы көредi. Өкiнiшке қарай, сiңлiсi Эдна 1996 жылы 85 жасында қайтыс болды.
Сүйкiмдi әкпелi-сiңлiлер ер-азаматтардың көзiне бiрден түсетiн едi, бiрақ Глэдис пен Эдна оларға көңiл аудармады. “Менiң ұстамдылығым, шыдамдылығым, сыпайыгершiлiгiм, байсалдылығым көп өмiр сүруiме түрткi болды”, – дейдi Глэдис. 
 
ШАЙДЫҢ ПАЙДАСЫ
Голландия мен Ұлыбританияның ғалымдары шайдың адамның миына берер әсерiн талай жылдан берi зерттеп келедi. Ғалымдар 40 жасқа дейiнгi адамдарды екi топқа бөлiп, оларды былайша зерттеген: бiрiншi топқа шай, ал екiншi топқа тек қана кофеин немесе плацебоны ғана берiп тұрған. Уақыт өте келе ұдайы шай iшкендердiң есте сақтау қабiлетi кофеин iшкендерге қарағанда анық екенi анықталды.
Жапондық ғалымдар шайдың қант диабетiн болдырмауға да септiгiн тигiзетiнiн айтады. Сонымен бiрге шай майлы тағамдарды көп пайдаланатындардың қанын да тазартады.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті