1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
4 наурыз 2011
Жапондар орыс туын не үшiн өртедi?

Орыс пен жапонның арасы ширығып тұр. Жапондар орыс туын өртеген шерушiлердiң iсiн тергеп-тексеруден тағы да бас тартты. Жапония үкiметiнiң бас хатшысы Юкио Эдано “орыс туының өртелуiне байланысты iстi қайта қарауға еш негiз жоқ” деп мәлiмдедi. Өйткенi олардың әрекетiнде қылмыстық құрам жоқ.

Жапондар орыс туын не үшiн өртедi? Жер үшiн. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Кеңес өкiметiнiң құрамына өтiп кеткен аралдары үшiн.
Жапония жыл сайын 7 ақпанда “солтүстiк аймақ күнiн” атап өтедi. Бұл — Кеңес өкiметiнiң басты мұрагерi Ресейдiң иелiгiндегi Курил аралдарының оңтүстiк бөлiгiне қатысты мәселенi талқылайтын күн. Биыл дәл осы күнi жапон шерушiлерi орыс туын өртеп жiберген-дi.
Итуруп, Кунашир, Шитокан, Хабомаи араладын даулайды жапондар. Аралдардың атауы айтып тұр емес пе, кiмге тиесiлi екенiн...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті