1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
4 наурыз 2011
Каддафидiң қанша ақшасы бар?

Ливиядағы толқулар бi­реу­дiң барын шашты, ендi бiреудiң артын ашты. Ливиядағы жағдай ушыға бастағанда-ақ әлемнiң көптеген елдерi Муаммар Каддафи мен оның отбасына тиеселi есепшоттарды жаба бастады. Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

Тек АҚШ-тың өзiнде ғана 30 миллиард доллар инвестиция тоқтатылды. Канада — 2,4 миллиард, Австрия — 1,7 миллиард, Ұлыбритания — 1 миллиард долларды ешкiм ала алмайтындай етiп “буып-түйiп” қойды. “Бұл активтер — айсбергтiң көзге көрiнiп тұрған бөлiгi ғана. Каддафи мен оның отбасы әлем бойынша қанша байлыққа ие екенiн әлi ешкiм нақты бiлмейдi”, — деп жазды “Инопресса”.
Каддафи қаржысының бiраз бөлiгiн Ұлыбританияға салыпты. Мәселен Лондонның ақсүйектер тұратын ауданында құны 15 миллион долларлық үйi бар. Мұны 2009 жылы Каддафидiң ұлы Саид сатып алған. Ливия басшысының Ұлыбританияның iрi компанияларында мил­лиард долларға жуық қаржысы бар екенi анықталыпты. Бұлардың арасында The Financial Times басылымы мен Penguin баспасы да бар көрiнедi.
Сарапшылардың айтуынша, Муаммар Каддафидiң Британиядағы жалпы активi 10 миллиард доллардан асады.
Қазiр Ливияда кәдiмгi соғыс болып жатыр. Каддафи­дiң жақтастары мен шеру­шiлердiң арасында. Соңғы мәлiметтерге қарағанда, шерушiлер портты қала Марса-әл-Бурейкадын Каддафи­дiң армиясын қуып шығып, қаланы бақылауды өз қолдарына алған.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті