1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15573) 10 ақпан, бейсенбі 2011
10 ақпан 2011
Дарынды балалардың ғылымға қосар үлесi көп

Зерек балалар (вундер­кинд­тер) – бiздiң қоғам үшiн таптырмайтын байлық. Әдетте осындай балалар ғылымға, әдебиетке үлкен үлес қосады. Әлемде мұндай балалар туралы мысалдар көп. Мәселен, Краснодар өлкесiнде тұратын он жасар Андрей Хлопин Гиннестiк рекордтар кiтабына ендi. Ол түнде аспанда жалтыраған күмiс түстi бұлттардың “шығу тегiн” түсiндiрiп бердi. Бұл феномен ғалымдар үшiн 150 жылдай құпия болып келген едi. Ал Андрей күмiс түстi бұлттарды жоғары биiктiктегi ылғалдың мұз кристалына айналып, жалт-жұлт етуiмен түсiндiредi. 

Полтавалық Андрей Ходурский да тарихқа ендi. Ол түнде автомобиль жолдарын жап-жарық етудiң тәсiлiн ойлап тапты. Оның бұл жаңалығына Бүкiләлемдiк меншiктi интеллектуалды ұйымы қызығушылық танытты. Андрей американдықтардың 20 жыл бойы бастарын қатырып, шешiмiн таппай келе жатқан жұмыстарын едеуiр жеңiлдеттi. Оның ойлап тапқан қосымша фаралары түнгi жолдарды екi жарым есе жарықтандыра түседi және қарама-қарсы келе жатқан көлiктегi шопырдың көзiне шағылыспайды. Тағы бiр таңғаларлығы, бұл қосымша фара кез келген көлiкке жарай бередi және өзi қымбат та емес.
Ақылы кемел, зерек балалар – мемлекеттiң, ұлттың ең үлкен байлығы. Жапондықтар дарынды балалардың өсiп-өркендеуi үшiн қаржыларын аямайды. Ал Израильде дарынды балаларды оқытудың өзiндiк тәсiлдерi бар және мұны израильдiктер құпия ұстайды. Америкада зерек балаларды ынталандыру жүйесi құрылған. Олар дарынды балалардың одан ары өсiп, дамуына мүмкiндiктер жасайды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті