1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15569) 27 қаңтар, бейсенбі 2011
27 қаңтар 2011
Аспириндi бiр стақан сүтпен iшу керек

Жатар кезде бiр таблетка аспириндi бiр стакан сүтпен iшу – онкологиялық аурулардың пайда болуын едәуiр төмен­детедi екен. Оксфорд универ­ситетiнiң ғалымдары бұл “коктейльдi” күн сайын пайдалануға кеңес бередi.

Оксфорд университетiнiң ғалымдары төрт жыл бойы күн сайын аспирин iшiп жүрген 25 570 адамды тексерiп-бақылағаннан кейiн мынандай қорытындыға келдi: орта есеппен алғанда күн сайын 75 мг аспирин iшкен адамның 10 пайызының жаман ауруға деген бейiмдiлiгi төмендейдi. Бұл сенсациялық жаңалық медициналық Lancet деген беделдi басылымда жарияланды.
“Аспирин қауiптi аурудың пайда болмауына алдын ала көмектеседi”, – дейдi тәжiрибе жасаушы ғалымдардың жетекшiсi, профессор Питер Ротуэлл. Ол аспирин рактың кейбiр түрлерiне таптырмайтын ем деп санайды. “Аспириндi ұзақ уақыт iшкен сайын адам ағзасының ауруға деген мүмкiндiгi аз болады”, – дейдi ол. Оның айтуынша, 40-45 жастан өле-өлгенше аспирин iшкен дұрыс. Аспириндi бiр стақан сүтпен iшу керек. Сүт ацетилсалицил қышқылының қоздырғыш әрекеттерiн азайтады. Сонымен қатар сүт құрамындағы кальций ацетилсалицил қышқылының емдiк қасиетiн жоғарылатады.
Әдетте адамдар iшектен, асқазаннан қан кетедi деп аспириндi көп пайдаланбауға тырысады. Бiрақ профессор Ротуэлл аспириннiң жағымды нәтижесi басым екенiн сенiмдi түрде айтады. Ол денсаулық үшiн күнiне бiр рет ацетилсалицил қышқылын витаминнiң бiр түрi ретiнде қабылдауға кеңес бередi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті