1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15569) 27 қаңтар, бейсенбі 2011
27 қаңтар 2011
Медведев пен Путин лаңкестердi Қап тауынан iздемек

Сейсенбi күнi Ресей президентi Дмитрий Медведев «Домодедово» халық­аралық әуежайындағы жа­рылысқа байланысты жиын өткiзiп, лаңкестiктi ұйымдастырған­дарды “жексұрындар”, “аз­ғын­дар” деп мәлiмдедi. Ресей­дiң федералдық қауiпсiздiк қызметiнiң басшыларына “қауiп төнiп тұрғанда жағаны кеңге салмаңдар” деп ескерттi.

Жарылыс кезiнде жарақат алып, Склифосовский атын­дағы институтта емделiп жатқандардың хал-жағдайын сұрап келген Д.Медведев былай дедi: “Бұл жексұрын­дар мен азғындар не­ғұрлым көп адамды жарақаттау үшiн жарылғыштың iшiне темiр-терсек салған”.
Сол күнi Медведев феде­рал­дық қауiпсiздiк қызметiнiң алқа отырысын өткiзiп, “чекистердi” бiраз тықсырып алды. — Ресей федерациясы­ның азамат­тары ФҚҚ-ның лаңкестiкпен күресте белсен­дiлiк танытқанын қалайды, — дедi Д.Медведев.
Владимир Путин үкiмет отырысын бiр сәт үнсiздiктен бастады. — Асқан қатiгез­дiкпен жасалған бұл қыл­мыстың еш мәнi жоқ. Қыл­мыстың тез арада ашылаты­нына және қанқұйлы қыл­мыс­керлердiң жазасын ала­тынына еш күмән жоқ, — дедi Д.Медведев.
 
ТАҒЫ БIР ҚЫЛМЫСТЫҚ IС
35 адамның өмiрiн қиып, жүзден аса адамды жарақат­таған жарылысқа жауап­тылар көп болатын сияқты. РФ Тергеу комитетi «Домодедово» әуе­жайындағы қауiпсiздiк шаралары сақ­талмағаны үшiн қылмыстық iс қозғады. Бұл iстiң аясында iшкi iстер орган­дарының көлiк саласы бойынша басшылары мен қызметкерлерi, әуежай­дың қауiпсiздiк қызметi мен менед­жментiне жауаптылар жазаға тартылады. Қылмыс­тық iс бойынша ең ауыр жаза — 7 жыл түрме. Тергеу ко­митетiнiң мәлiм­деуiнше, бұл iс негiзгi қылмыстық iспен бiрiктiрiлуi әбден мүмкiн.
 
КIНӘЛIЛЕРДI IЗДЕУ
Жарылыс болғаннан ке­йiн­гi тәулiкте кiнәлiлердi iздеу басталды. “Ведомости” ба­сылымына сұхбат берген Д.Медведев қауiпсiздiк шара­ларына селқос қарағаны үшiн әуежай басшылығы жауап беретiнiн айтты. Әуежай қызметкерлерi ақталып әлек. Олар бар жауапкершiлiктi милиция­ның мойнына артып қойды.
— Бiз өзiмiздi жарылысқа кiнәлi деп есептемеймiз. Өйт­кенi авиациялық қауiпсiздiк шараларын бұзғамыз жоқ, — дедi «Домодедово» әуежайының баспасөз хатшысы Елена Галанова.
Медведев бұған қитығып қалды. Жауапкершiлiктен қашып, бәрiн ми­лиция­ға ите­рiп тастамауға ша­қырды.
— Бiр нысанда бiрнеше шетiн оқиғаның қайталануын немен түсiн­дiресiздер? Өткен жылдың соңындағы берекесiз­дiк кезiнде жұрт дәл осы «Домодедоводан» ұшып шыға алмай қалды емес пе?! — дедi Д.Медведев.
Тергеу комитетiнiң мәлi­метiнше, әуежай ғимаратының кiре берiсiнде тексеру құралы қойылмаған. Лаңкес әуежайға “асай-мүсейiмен” артынып-тартынып оңай кiрген. Мұны лаңкестiкке қарсы ұлттық комитеттiң ресми өкiлi Ни­колай Свинцов та бекiттi. “Россия24” телеарнасына сұхбат берген ол былай дедi: “Тек­серетiн арнайы құралдар әр-әр жерге орнатылған. Олардың кейбiрi тiптi iстен шыққан. Кез келген адам әуежайға сөмке көтерiп еш кедергiсiз кiре алады”.
 
ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫҢ ОТБА­СЫНА — 3 МИЛЛИОН РУБЛЬ
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министр­лiгiнiң соңғы мәлiметiне қарағанда, жарылыстың сал­дарынан жарақат алған 110 адам ауруханаларда емделiп жатыр. 39 адамның жағдайы ауыр. Қалғандарының да жай-күйi мәз емес.
Төтенше жағдайлар жөнiн­дегi минис­трлiктiң сайтын­дағы ақпарат бойынша, қаза болғандардың ара­сында Ұлы­британия, Германия, Болга­рия, Украина, Беларусь, Тәжiкстан және Қырғызстан азаматтары бар.
Ресей премьер-министрi В.Путин қаза болғандардың отбасына 3 миллион рубль, ауыр жараланғандарға 1 миллион 900 мың рубль, орташа жарақат алғандарға ­   1 миллион рубль өтемақы төлеу туралы қаулыға қол қойды. Бұл қаржы фе­дералдық және жергiлiктi бюджеттен төленедi.
 
КҮДIКТIЛЕР АНЫҚТАЛДЫ
Жарылыс халықаралық рейстермен ұшып келетiн жолаушыларды күтiп алатын залда жергiлiктi уақытпен төрт жарымда болған. Жарылыс­тың күшi тротил эквивале­нтiмен 7 келiге тең. Тергеу комитетiнiң ресми өкiлi Владимир Маркиннiң айтуын­ша, лаңкес жарылғыш затты белiне байлап алып кiрген. Өйткенi жарылыс болған жерде шұңқыр жоқ.
Жекелеген ақпарат агенттiктерiнiң хабарлауынша, күдiктiлер — бiр әйел және бiр ер адам. Әйел адам сөмкенi ашқан кезде жарылыс болған. Жарылыстан жанындағы еркектiң басы жұлынып түсiптi. Бұдан бұрын дәл осындай тәсiлмен Солтүстiк Қапқаз лаңкестерi Мәскеу метроларын жарған.  
Тергеушiлер бұл қылмысқа да Солтүстiк Қапқаздық азаматтардың қатысы болуы мүмкiн дейдi. Әзiрше үш күдiктi iздестiрiлiп жатыр.
 
“ДОМОДЕДОВО” КIМДIКI?
Кейбiр дерек көздерi, “Домодедово” әуежайы “Ист-Лайн” компаниясына тиесiлi екенiн жазды. “Ист-Лайнның” қожасы — ресейлiк мил­лиардер Валерий Коган. Журналистер Коганның Пу­тин­мен бiрге шаңғы теуiп, сауық құрып жүргенiн бiрнеше рет көрген. Коганды жұрт “Путиннiң қарғыбаулы олигархы” деп атауы да тегiн емес. 
 
Ерiк РАХЫМ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті