1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15565) 18 қаңтар, сейсенбі 2011
18 қаңтар 2011
Ресейлiктер Путиндi көбiрек құптайды

Ресейлiктер 2012 жылғы сайлауда президенттiкке үмiткерлiкке Д.Медведев емес, В.Путин түссе дейдi. 2010 жылы “Левада-Центр” жүргiзген сауалнама нәтижелерi осыны көрсеттi. Сауалнамаға қатысқандардың 29 пайызы президенттiкке премьер-министр Путиндi лайықты санайды, ал ресейлiктердiң 17 пайызы Медведевтiң үмiткерлiгiн қолдайды. Бiр қызығы, респонденттердiң 18 пайызы сайлауға Медведев те, Путин де қатыспай-ақ қойсын деген пiкiрдi ұстанатын көрiнедi. Ал сұралғандардың 19 пайызы “Путин де, Медведев те сайлауға түссе, олардың күресiн қызықтаймын” деп жауап берген.

Ал “Президенттiк сайлауда кiмге дауыс бересiз?” деген сұраққа сұралғандардың 31 пайызы Путинге деп жауап берсе, 21 пайызы Медведевтiң жеңiсiн қалаған.
Алайда зерттеу Ресейдiң түкпiр-түкпiрiндегi жұрт пен мәскеулiктердiң пiкiрi сәйкеспейтiнiн көрсетiптi. Мәселен, Путиннiң үмiткерлiгiн мәскеулiктердiң небәрi 14 пайызы ғана қолдаса, Медведевтiң үмiткерлiгiн мәскеулiктердiң 18 пайызы құптаған. Мәскеу тұрғындарының 16 пайызы Путинге дауыс беремiз десе, 27 пайызы қазiргi президенттi қайта сайлайтынын айтыпты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті