1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15565) 18 қаңтар, сейсенбі 2011
18 қаңтар 2011
Қырғыз парламентiнде намазхана ашылды

Қырғызстан парламентiнде намазхана ашу және депутаттардың жұма намазға баруы үшiн екi сағаттық үзiлiс жариялау мәселесi қоғамда қызу пiкiрталас туғызды. 

Естерiңiзде болса, бұдан бұрын Жогорку Кеңеште жұма намазын оқуға жағдай жасау мәселесi көтерiлiп, оны заңдастыру, еңбек кодексiне өзгерiстер енгiзу мәселесi парламент отырысында талқыланған-ды. Тiптi парламент төрағасы Ахматбек Келдiбеков намазхана ашуға да уәде бергенi бар. “Жұма намазға бару – әрбiр азаматтың құқығы. Оларға тыйым салуға құқығымыз жоқ. Намаз оқитын депутаттарға жағдай жасап беруге мемлекет мiндеттi... Жақын арада парламентте намазхана ашамыз”, – дедi парламент төрағасы.
Ендi мiне, депутат Тұрсынбай Бакирұлы парламентте намаз оқитын жердiң анықталғанын ресми түрде растады. “Депутаттардың көпшiлiгi, оның iшiнде билiк пен оппозициялық партиялар мүшелерi де, Жогорку Кеңеш спикерi Келдiбеков те бұл мәселенi қолдап, үкiмет ғимаратының iшiнде намаз оқитын жердi анықтадық, сол жерде келесi жұмадан бастап намаз оқылады. Ал парламентте кiм намаз оқығысы келсе, бәрi мешiтке барып, жұма намазын оқып, жұмысын қайта жал­ғастыруға рұқсат алды”, – дейдi ол.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті