1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15564) 13 қаңтар, бейсенбі 2011
13 қаңтар 2011
Жұмыссыз жүрген үш баланың әкесi 5 миллион еуро ұтып алды

Жақында Сицилияның тұрғыны, үш баланың әкесi ұлттық «Италия лотореясы» ойнына қатысып, 5 миллион еуро ұтып алды. Бұл туралы Ресейдiң жаңалықтар агенттiгi хабарлады. 

Бақытты «қожайын» ұтыс билетiн 2010 жылдың қараша айында Италияның солтүстiк қалаларының бiрi Генуяның бiр барында сатып алған көрiнедi. Ұтыс өте салысымен бардың иесi Эдоардо Бертореллоның атына: «Генуяға жұмыс iздеп барып, сiздердiң барға кiрiп едiм. Сiздерден сатып алған лоторея билетiнен 5 миллион еуро ұттым! Маған бақыт сыйлағандарыңыз үшiн сiздерге үлкен рақметiмдi айтамын!» – деп жазылған факс келiп түсiптi.
Э.Берторелло журналистерге ұтыс билетiнiң иесi телефон соққанын да жасырмады. «Факс келiп түскеннен кейiн ол кiсi телефон шалып, тағы да рақметiн жаудырды. Дәл қазiр бақытты жан Римде тұрады екен. «Мен оған сабырлылық сақтауын, аяқ астынан сау еткен ақшадан басы айналып кет­пеуiне ақыл-кеңес бердiм. Ал ол: «Жоқ, мен олай iстей алмаймын. Себебi, мен үш баланың әкесiмiн ғой» деп жауап бердi», – дедi Э.Берторелло.
Э.Бертореллоның өзi де лоторея билетiн сатқаны үшiн ұтыс шыққан билеттiң ақшасының 2 пайызына ие болады. Жалпы, ұлттық «Италия лотореясы» 1957 жылдан бастап ойналады. Финалдық ойын тiкелей эфирде мемлекеттiк Rai телеарнасында көрсетiледi. Оны бiрнеше жыл Италияның атақты әншiсi Раффаэлла Карра жүргiзген болатын.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті