1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15559) 21 желтоқсан, сейсенбі 2010
21 желтоқсан 2010
Батька төртiншi мерзiмге сайланды

АЛ ОППОЗИЦИЯ ӨКIЛДЕРI ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Желтоқсанның 19-ы күнi өткен Беларусьтегi президент сайлауында Александр Лукашенко жеңiске жеттi. Беларусь орталық сайлау комиссиясы А.Лукашенкоға сайлаушылардың 79,67 пайызы дауыс бергенiн мәлiмдедi. Осылайша “Еуропаның соңғы диктаторы” төртiншi президенттiк мерзiмге қалатын болды.
 
Президенттiк сайлауға Беларусь сайлаушыларының 90 пайызы қатыс­қан. Алайда А.Лукашенконың 80 пайызға жуық дауыс жинағанына қарамастан, оның қар­сылас­тары сайлау әдiл өтпедi деп есептейдi. Орталық сайлау комиссиясының деректерi бойынша, А.Санников – 2,56, Я.Романчук – 1,97, Г.Костусев – 1,97, В.Некляев – 1,77, В.Рымашевский – 1,1, В.Терещенко – 1,08, Н.Статкевич – 1,04, А.Михалевич – 1,2 және Д.Усс 0,48 пайыз дауысқа қол жеткiзген. Ал сайлаушылардың 6,5 пайызы “бә­рiне қарсы” деген жолақты белгi­леген.
Оппозиция өкiлдерi сайлау бас­талмай жатып-ақ қуғынға ұшырады. Сайлаудан бiр күн бұрын “Молодой фронт” қозғалысының лидерi Дмитрий Дашкевич iз-түзсiз жоғалып кетсе, жексенбi күнi оппози­ция­ның тағы бiр өкiлi Михаил Пашкевич тұтқындалыпты. Артынша Д.Даш­­ке­вичтiң де СИЗО-ға қамалғаны мәлiм болды. “Жас майдан” қозғалысының жетек­шiсi – президенттiкке түскен оппозиционер Владимир Некляев­тiң сенiмдi өкiлi.
Жексенбi күнi Минскiнiң Октябрь алаңына жиналған он мыңдаған адам үкiмет үйiне қа­рай бет алды. Олар сайлау нәти­желерi бұрмаланғанын айтып, экзит-пол қорытындысын жария еттi. Орталық сайлау комиссиясы орналасқан ғимараттың есiк-терезесiн сындырған жұртты полиция әрең дегенде тоқтатты. Ондаған оппозиция өкiлi қамауға алынды. Сайлау кезiнде оппозицияның бас-аяғы 27 белсендiсi тұтқындалыпты. Некляев, Романчук, Рымашевский мен Костусев бас прокуратурадан оппозиция өкiлдерiн босатуды талап еттi.
Алайда оппозиционерлер үкiмет үйiн басып алмақшы болған топқа еш қатысы жоқтығын, бұл арандату екенiн мәлiмдедi. Десек те сайлау бiтiсiмен Лукашенко қарсылас­тары халықты наразылық шарасына жинай бастады. Сайлау учаске­лерi жабыла салысымен оппозиция өкiлдерi Минскiнiң орталық алаңында митинг өткiздi. Минскiнiң Октябрь алаңына 20 мыңға жуық халық жиналды. Беларусь астанасының алаңдарына сайлау алдында мұз құйылып, тегiн мұз айдындары жасалғанына қарамастан, оппозиция жақтастары ми­тин­гi­ге тұз бен кұмдарын көтерiп барыпты.
Немига алаңы маңында прези­денттiкке үмiткер В.Некляев пен оның жақтастарына бетперде киген әлдебiреулер шабуыл жасаған. В.Некляевтiң өзi соққы­ға жығылып, миы шайқалыпты. Тағы бiр үмiткер Статкевич те соққыға жығылыпты.
Минскiдегi митингiнi басу үшiн Беларусь билiгi ОМОН жасақтарын пайдаланған. ОМОН-мен текетiрес кезiнде президенттiк сайлауға түскен Виталий Рымашевский жараланып, ауруханаға жеткiзiлiптi. Тағы екi үмiткер – Андрей Санников пен Григорий Костусевтi милиция тұтқындапты. 
Кеше АҚШ Минскiдегi оқиға­ларға қатысты арнайы мәлiмдеме жасады. Онда “президенттiкке үмiткерлердiң тұтқындалып, журналистер мен азаматтық қоғам өкiл­дерiне қысым көрсетуге байланысты АҚШ алаңдаушылық бiлдiретiнi” жөнiнде айтылған. Ал Беларусь iшкi iстер министрi А.Кулешов қылмыстық кодекстiң 293-бабы бойынша (жаппай тәртiп­сiздiк) қылмыстық iс қозғалғанын, митингтi ұйымдастырғандар тиiстi жазасын тартатынын мәлiмдедi. Министрдiң сөзiне қарағанда, олар 15 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкiн.
 
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті