1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15547) 9 қараша, сейсенбі 2010
9 қараша 2010
«Коммерсанттың» тiлшiсi ес-түссiз жатыр

Өткен сенбiде Ресейдiң «Коммерсант» басылымының тiлшiсi Олег Кашиндi белгiсiз бiреулер соққыға жығып кеттi. Отыз жастағы журналистiң әрiптестерi бұл әрекеттi тiлшiнiң қызметiмен байланыстырып отыр.

Сол күнгi оқиға Кашиннiң үйiнiң бұрышындағы бейнекамераға түсiп қалған. Алаңсыз келе жатқан Олегтi белгiсiз екi адам сұлатып түсiредi де, темiрмен әбден төмпештейдi. Әлгi екеуi тiлшiнi соққыға жықпас бұрын бiршама уақыт iзiне түсiп келгенi белгiлi болды. Бейнетаспадағы жазбадан бiрiнiң қолынан бiр шоқ гүл көрiнедi. Криминалистердiң айтуынша, олар гүлдiң арасына темiр шоқпар салып алған.
Олег Кашин қазiр ауруханада ес-түссiз жатыр. Оның жағы сынған, басына зақым келген. Дәрiгерлер оған екi рет операция жасапты. Қазiр тiлшiнiң бетi берi қарай бастаған көрiнедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті