1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
7 қазан 2010
Жерге ұқсас ғаламшар табылды

Күн жүйесiнен тысқары кеңiстiкте адамзат тiршiлiгiне қолайлы ғаламшар ашылды. Америкалық астрономдар келешекте Жер бетi тұрғындарының сол ғаламшарға қоныс аударуы мүмкiн екенiн айтып отыр. Калифорния уни­вер­си­тетi ғалымдарының мәлi­метiнше, жерден 20 жарық жылы болатын қашықтықта орналасқан аспан денесiн сұйық су қабаты қоршап тұр, ал гравитация күшi онда атмо­сфера бар екенiн айғақ­тайды. Бұл – ғаламшар адам­зат тiршiлiгi үшiн өте қолайлы деген сөз. Мұндай қорытын­ды жасауға бұған дейiн оптикалық телескоптың кө­мегiмен Таразы шоқжұл­ды­зын 11 жыл бақылау нәти­же­сiнде алынған мәлiметтер негiз болды. Жерге ұқсайтын ғаламшарға 581g деген атау берiлген. “Глиз 581” немесе “Қызыл ергежейлi” атала­тын жұлдыз маңында айналып жүретiн аспан денесiнiң салмағы жерге қарағанда 3-4 есе ауыр екен.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті