1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15535) 28 қыркүйек, сейсенбі 2010
28 қыркүйек 2010
Жасанды түсiктен бас тартқандарға көмек берiледi

Италияның Ломбардия әкiмшiлiк аймағының басшылары жасанды түсiктен бас тартқан әйелдерге қомақты қаржы төлейтiн болды. Бұл – туу көрсеткiшiн жақсарту үшiн қолға алынып отырған шара. Материалдық көмек сәби өсiруге мүдделi, бiрақ тұрмыс жағдайы қиын әйелдерге берiледi. Олар аборт жасатудан бас тартамын десе, кезең-кезеңiмен төленетiн 4000 евро жәрдемақыға ие болады. Жүктi  әйелдерге қамқорлық көрсету үшiн бюджет есебiнен арнайы қор құрылған. Ломбардия аймағы губернаторының идеясын жасанды түсiкке қарсы күресушi ұйымдар қолдап отыр. Алайда олар материалдық көмектiң бiр рет қана берiлетiн шара түрiнде қалып қоятынына алаңдаулы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті