1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15525) 24 тамыз, сейсенбі 2010
24 тамыз 2010
Алты жасында миллионер атанды

Қытайда У Циньи есiмдi алты жасар қыз миллио­нер атанды және ол ендi елдегi ең ауқатты жеткiншек-акционер саналады. «Синьхуа» агенттiгiнiң хабарлауынша, қыздың байлығы бiр миллионнан астам юаньға (154 мың АҚШ долларынан аса) бағаланып отыр. У Циньиге бұл байлық 2009 жылы әуе апатынан көз жұмған әкесiнен мұра ретiнде қалды. Яғни ол Sunflower Light Energy Science & Technology Limited Liability Company компаниясының 62 500 акциясын иелендi. Бiрнеше күн бұрын Чжэцзян провинциясына қарасты Шаосин елдiмекенiнде орналасқан компания алғашқы акцияларды орналастыра бастады. IPO нәтижесiнде алты жасар қыздың пакет акция­лары 1,05 миллион юаньды құраған. Қазiргi күнi У Циньи елдегi ауқатты жасөспiрiмдердiң алдына шықты. Осыған дейiн компанияның 220 мың акциясын иеленген 13 жастағы қыз жеткiншектер арасында бiрiншi миллионер саналған болатын.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті