1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
22 шілде 2010
Ауғанстан өз қауiпсiздiгiн өзi қорғамақ

Ауғанстан президентi халықаралық қауымдастықтан ел қауiпсiздiгiн бақылау тiзгiнiн төрт жылдан соң ауған қауiпсiздiк күштерiне қалдыруын, бұған қоса халықаралық көмектi бөлу жұмысында Кабулдың маңызды рөл атқаруын сұрады. Бiрақ, Хамид Карзайдың Кабулдағы халықаралық конференцияда жасаған ұсыныстары бiрқатар халықаралық саясаткерлердiң қарсылығына тап болды. Конференцияға қатысушылардың бiрсы­пырасы Кабулдан сыбайласқан жемқорлықпен күресуге және ауған полициясы мен қауiпсiздiк қызметiн реформалауға көңiл бөлуiн сұрап отыр. Ауғанстан президентi Хамид Карзай халықаралық донорларды ауған полициясы мен әскерi елдегi қауiпсiздiктi 2014 жылға қарай өз күшiмен бақылай алады дегенге сендiруге тырысты. Карзай Кабулда Ауғанстанның болашағы туралы халықаралық конференцияға жиналған 70-тен астам елдiң өкiлдерi алдында сөз сөйледi. Форумға қатысушылардың арасында БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ мемлекеттiк хатшысы Хиллари Клинтон бар. Халықаралық конференцияда елдегi қауiпсiздiк жауапкершiлiгiн 2014 жылы ауған күштерiне тапсыру мәселесi мақұлданды. Бұған қоса, Карзай донор мемлекеттердiң Ауғанстанды дамытуға бөлген миллиардтаған доллар қаржысының жұмсалуын Кабулдың өзi қадағалауы керек деген ұсыныс жасады. Оның пiкiрiнше, донор қаржысы жобалардың «қайтарымы» үшiн емес, Ауғанстан мүддесiне сай жұмсалуы тиiс.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті