1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
22 шілде 2010
Күрдтер шарттары орындалмаса тәуелсiздiгiн жарияламақ

Күрдiстан Жұмысшылар партиясының басшысы М.Карайлан Түркиядағы күрдтерге тiл және мәдениет еркiндiгiн сұрады. Караиланның айтуынша, Анкара бұл талаптарды орындамаса, партия Күрдiстан тәуелсiз­дiгiн жариялауы мүмкiн. Күрдiстанның таулы аймағында BBC телеарнасына берген сұхбатында ол Түркия билiгiнен бейбiт күрдтердi, бұған қоса елдiң шығысындағы күрд саясаткерлерiн қудаламауын талап еттi. Жiкшiл күрд бүлiкшiлерiнiң көсемi Түркия үкiметiне шарт қойып, ол орындалса қаруларын тапсыратындығын мәлiмде­дi.Түркия билiгi болса бұған қатысты «терроршылар мәлiмдемесi талқыланбайды» деген жауап қайтаруда. Түркия, Еуропалық Одақ және АҚШ Күрдiстан Жұмысшылар партиясын террорлық ұйым есебiнде санайды.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті