1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15513) 13 шілде, сейсенбі 2010
13 шілде 2010
Хенань өлкесiнiң халқы 100 миллионға жеттi

Қытайда тұрғындарының саны 100 миллионға жеткен алғашқы өлке (облыс) пайда болды. Ол туралы дүйсенбi күнi Қытайдың мемлекеттiк баспасөзi хабарлады. Ке­­дей әрi халқы өте тығыз тұратын Хенань өлкесi – Қытайда тұрғындарының саны 100 миллионға жеткен бiрiншi өлкесi. Бұл – бүкiл Филиппин халқының санына тең. Қытайдағы барлық жұмыс мигранты осы Хенань өл­кесiнен шығады. 1950 жылдары өлкенiң халқы 40 миллион болса, 1990-жылдары 90 миллионға жеттi. Ал осы айдың соңына қарай 100 миллионнан асуға тиiс. Егер Бейжiңдегi ресми билiк 30 жыл бұрын әр отбасында 1 бала асырау керек деген шектеу саясатын қолға алмағанда, Хенань халқының саны 100 миллионнан әлдеқашан асатын едi. Жалпы 2015 жылға қарай Қытай халқының саны 1 миллиард 390 миллионға жетуге тиiс деген жорамал бар.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті