1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15507) 22 маусым, сейсенбі 2010
22 маусым 2010
Жүз жылдық жұт

ҚЫРҒЫЗ ЖЕРIНДЕГI ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАН ҚАЗА БОЛҒАНДАР 2 МЫҢНАН, БОСҚЫНДАР САНЫ 400 МЫҢНАН АСТЫ

Қырғызстан денсаулық сақтау ми­нистрлiгiнiң баспасөз қызметi елдiң оңтүстiгiндегi қақтығыстардан қаза болғандардың саны 208-ге жеткенiн хабарлады. Маусымның 10-ынан берi 2101 адам дәрiгерге көрiнiп, оның 962-сi ауруханаға жатқызылған. Ал қалғаны амбулаториялық ем алған.
Куәгерлердiң айтуынша, Жалал-Абад пен Оштағы жағдай бiршама тұрақтанған. Мылтықтың гүрсiлi азайғанымен, елдi аштық пен жоқшылық екi бүйiрден қысып барады. Шетелдерден келетiн гуманитарлық көмек бәрiне бiрдей жетпейдi.
Уақытша өкiметтiң баспасөз қызметi Оштың өзiнде және Үзген, Қара-Су, Араван аудандарында төтенше жағдай режимi маусымның 25-iне дейiн созылатынын хабарлады. Ал Жалал-Абад облысында кешегi күннен бастап коменданттық сағат 3 сағатқа қысқарды. Ендi ол түнгi сағат оннан таңғы беске дейiн болады.
 
12 МЫҢ АДАМҒА — ЖАЛҒЫЗ ДӘРIГЕР
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы Қырғызстаннан 700 мың, Өзбекстаннан 300 мың босқынға медициналық көмек көрсетпек. Ұйым­ның жедел көмек жө­нiн­дегi үйлестiрушiсi Джузеппе Аннуциата өздерiн екi мә­селе қатты алаңдатып отырғанын айтты.
Бiрiншiсi — ұлтаралық қақтығыстар кезiнде әйелдерге зорлық көрсетiлгенi туралы расталмаған ақпараттың тарауы. «Қырғызстанда өзбек қыздарын зорлағаны туралы ақпарат алдық. Сондай-ақ, Өзбекстанға қашып барған босқын қыз-келiншектер де осындай жағдайға тап бол­ған. Бiз мұның есебiн жүргiзiп жатырмыз», — дедi Джузеппе Аннуциата.
Екiншiсi — босқындар шо­­ғырланған жерлерде эпи­демияның таралуы. Үй­лестi­ру­шiнiң пiкiрiнше, Қырғызстандағы санитарлық-медициналық пункттер босқындар түгiлi, қызмет көрсету­шiлердiң қауiпсiздi­гiне де кепiлдiк ете алмайды. Өзбекстанға өткен бос­қындардың жайы бiр­шама тәуiрленiп қалыпты. Ол жақта жүздеген мың ауру-сырқауға тиiсiнше көмек көрсетiлiп жатқанын айтты Аннуциата.
Күнi бүгiнге дейiн бос­қындардың бас-аяғы 400 мыңға жеткен. Әрине, бар-жоғы 5 миллион халқы бар елге 400 мың босқын тым көп екенi өзiнен-өзi түсi­нiктi.
Соңғы бiр-екi күнде Қырғызстанға 7000-нан астам босқын қайта оралыпты. «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттiгi өткен тәулiктерде қырғыз-өзбек шекарасынан 7398 адам өткенiн хабарлады. Бұлардың барлығы қақтығыс кезiнде өзбек жерiне босқын ретiнде өткен қырғызстандық өзбектер.
Қазiр 12 мыңнан астам босқын Пахта-Абад ауы­лындағы шекара пунктiнде иiрi­лiп тұр. Өзбекстан әйелдер мен балаларды шекарадан өткiзгенiмен ер азаматтарды өткiзбедi. Се­бебi түсi­нiктi.
Босқындар не iстерiн бiлмей дал. Қырғызстандағы үйлерi өртенген. Олардың шекарада түнеп жатқандарына жетi күн болыпты. Араларында ауру-сырқаулар көбейiп, жұқпалы аурулар тез тарап барады. 12 мың босқынға жалғыз дәрiгер қызмет көрсетiп жатыр. Ол — аудандық аурухананың урологы Солокирдон Жамалов...
 
«АМЕРИКА ДАУЫСЫ» НЕ ДЕЙДI?
«Америка дауысы» радиосының жаңалықтар қызметi жексенбi күнi қырғыз қарулы күштерi өзбектер тұратын аудандардағы қолдан жа­сал­ған бөгеттердi бұзып шыққанын хабарлады. Бұл бөгеттердi қақтығыс басталған кезде жергiлiктi өзбектер қорғану үшiн жасаған болатын.
«Елдiң оңтүстiгiнде жұрт әлi де мазасыз. Этникалық өзбектер Қыр­ғызстанға қайтып келейiн десе, тағы да от пен оқтың астында қалам ба деп қорқады.
10 маусымда қырғыздар мен өзбектер арасында басталған қақтығыстан 2 мыңнан астам адам қаза болды», — дейдi «Америка дауысы».
 
ТАҒЫ АТЫС, ТАҒЫ ДА АДАМ ӨЛIМI...
Ұлтаралық қақтығысты бейбiт түрде шешуге уақытша өкiметтiң шыдамы жетпедi. Өйткенi референдумның уақыты жақындап қалды.
Дүйсенбi күнi Ош қаласын бүлiкшiлерден тазаламақ болған әскерилер мен жергiлiктi халықтың арасында кикiлжiң туып, атыс бастал­ған. Құқық қорғаушылардың есеп­теуiнше, бұл атыста кем дегенде 20 адам оққа ұшқан. Қаза бол­ғандардың бәрi дерлiк жергiлiктi тұрғындар.
«Бiзге әскери операция жүр­гiзiлетiнiн ескерткен жоқ. Таңғы төрт шамасында оқ өтпейтiн көлiктермен, тiкұшақпен қалаға әскерилер кiр­генде тағы бiр пәле басталды деп ойладық. Роза Отынбаева Ошқа келгенде бiр келiсiмге келгендей бол­ғанбыз. Отынбаеваның iзiн ала әскер кiредi деп кiм ойлаған?! Бiрден мылтығымызға жармасқанымыз да сондықтан», — дептi жергiлiктi тұрғындардың бiрi.
Құқық қорғаушылар әскери операция кезiнде жергiлiктi тұрғындардың соққыға жығылғанын, құжаты жоқтарды әлдебiр жаққа алып кетiп жат­қанын, олардың үйiне оралмағанын айтады.
 
«ЖЕРIМIЗДI ҚОРҒАУ ҮШIН БIЗ ОЛАРДЫ БАУЫЗДАДЫҚ...»
Қақтығыстар сәл саябырси бастап едi, ес жия бастаған уақытша өкiмет кiнәлiлердi iздей бастады. Ошта «қақтығыстарды ұйымдастырды» деген күдiкпен 20 адам тұтқындалған. Олардың арасында Бәкиев­тiң тұсында iрi қызметтiң құлағын ұстағандар да бар көрiнедi. Әзiрге тұтқындалғандардың аты-жөнi құпия.
Ұлтаралық қақтығысқа екi тарап бiрiн-бiрi кiнәлап жатыр. Қырғыздың екi жас жiгiтi былай дептi: «Бәрi казинодағы төбелестен басталды. Өзбектер адамдарын жиып барып, педагогикалық университетте оқи­тын қырғыздың 2 қызын зорлап кеттi. Өзбектер бiздiң жерге бөгеттер қойып, көшелердi жаба бастады. Оған кiрген қырғыздарды ұстап алып, бауыздады. «Бiз жерiмiздi қорғау үшiн осылай iстедiк» деп ақталады олар. Содан бiз олардың үйiн өртей бастадық. Қосақ арасында қырғыздың үйi де өртенiп кетпес үшiн олардың қақпасына «қырғыз» деп жазғыздық...».
Мiне, қырғыз-өзбек қақтығысының қалай басталғаны туралы бiр нұсқа осындай. Дәл қазiр қақтығыстың қалай басталғаны, бiрiншi болып кiмнiң басын кiм жарғаны маңызды емес. Маңыздысы — қақтығыстың салдарын жою.
Қазiр Қырғызстанның кез келген қаласының кез келген жерiнен «сарт!» деген сөздi оқуға болады. Ал мұның кiмге қарата айтылғаны белгiлi. 
Шетелдiк сарапшылардың кей­бiрi Қырғызстанда болған ұлтаралық қақтығыстар онсыз да сiңiрi шығып отырған елдi жүз жылға керi сүйреп тастады деп есептейдi. Егер халықаралық қауымдастық көмек қолын созбаса, қырғыз елiндегi жағдай үлкен әлеуметтiк апатқа ұрындырары даусыз.
Ерiк РАХЫМ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті