1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15500) 27 мамыр, бейсенбі 2010
27 мамыр 2010
Жер бетiндегi ең құрғақ шөлге қар жауды

Чилидiң солтүстiгiнде Атакама деген шөл бар. Бұл — жер бетiндегi ең құрғақ шөл. Осы шөлге қар жауды. Ми қайнатар ыстық жерге қар жауып жатқаны көзiңiзге елестей ме?!

Чили үшiн бұл — нағыз табиғи апат. Әлемдегi ең үлкен зертханалардың бiрi Чилиде ораналасқан-ды. Ол да жұмысын уақытша тоқтатты. Шөлдiң айналасындағы бiрнеше қала да қардың астында қалды. Соның салдарынан электр желiлерi үзiлiп, қар басқан қалалармен байланыс тоқтаған.
Бәрiнен бұрын чилилiк балалар мәз-мәйрам. Үлкендер жолды қардан тазалай алмай әуреге түсiп жатқанда, бүлдiршiндер таласа-тармаса ақшақар жасап әлек.
Оңтүстiк Америка қардың ызғарын сезiнiп жатқанда кәрi құрлық аптап ыстықтан екi иiнiнен әзер дем алып тұр. Ғалымдардың айтуынша, биылғы жазда Еуропада 130 жылдан берi болмаған ыстық болады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті