1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15500) 27 мамыр, бейсенбі 2010
27 мамыр 2010
Алмазбек Атамбаев: Не кешiрiм сұраймын, не соттатамын...

Қырғызстанның уақытша үкiметiнiң мүшесi тұтқындалды. Оны қазiр ұлттық қауiпсiздiк қызметi куәгер ретiнде сұраққа алып жатыр. Әзiрше оның кiм екенi айтылған жоқ. Бұған қатысты уақытша үкiмет басшысының орынбасары Алмазбек Атамбаев былай дедi: “Министрге қатысты жайт­ты ұлттық қауiпсiздiк қызметi тексерiп жатыр. Егер ақпарат расталмаса, министрден өзiм кешiрiм сұраймын. Ал егер расталатын болса, ол ұзақ мерзiмге сотталады”.

Бұған дейiн әлдебiр аудиотаспа интернетте жарияланып, оның кейiпкерлерi А.Атамбаевты “400 мың доллар пара алды” деп айыптаған болатын. Сейсенбi күнi Бiшкекте Атамбаев былай дедi: “Егер Қырғызстан азаматы 400 мың доллар пара алса, мейлi ол уақытша үкiмет басшысының орынбасары болса да тиiстi жазасын алуы тиiс”.
Бұдан кейiн Атамбаев әлдекiмге қатты кiжiндi. “Бұдан да сорақы жайттар маған мәлiм” деп. Уақытша үкiмет мүшелерi Бәкиевтердi былай қойып, бiрiмен-бiрi қырқыса бастады ма, қалай өзi?..
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті