1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15495) 12 мамыр, сәрсенбі 2010
12 мамыр 2010
Екi түйе сүйкенсе...

АҚШ президентi Барак Обама атом энергиясын бейбiт мақсатқа пайдалану жөнiндегi Ресеймен арадағы келiсiмдi конгресске жiбердi. Ақ үй таратқан қосымша құжаттарда Обаманың бұл келiсiмдi қуаттайтынын және мұның негiзсiз тәуекелшiл­дiк емес екенiне сенетiнiн айтыпты.

Ал АҚШ конгрессмендерiнiң пiкiрi бұл мәселе жөнiнен екiге жарылып тұр. Көпшiлiгi бұл келiсiмнiң Ресейдiң ыңғайына бейiмделiп жасал­ғанын айтады. Мәселен, АҚШ мемлекеттiк департаментiнiң кеңес­шiсi Ван ван Дипеннiң айтуынша, Ресей Иранға қарсы санкцияға бел­сендi араласып отырған жоқ. Яғни, Вашингтон Иранға байланысты мәселеде Ресейдiң түпкi ойын бiлiп алмайынша, мұндай маңызды келi­сiмдер жасалмауы тиiс.
Жалпы, уранға байланысты мәселеде Ресей мен АҚШ бiршама уақыттан берi келiсе алмай жүр. Әсiресе, Иранға байланысты мәселеде.
 
Дайындаған Е.Биеке. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті