1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (16114) 19 сәуір, сейсенбі 2016
19 сәуір 2016
Жириновский «тасқа айналды»

Жуырда Мәскеудiң Басманн көшесiнде биiктiгi үш метрлiк ескерткiш пайда болды. Ол – ЛДПР партиясының көшбасшысы Владимир Жириновскийге арнап қойылған мүсiн. Мұны Жириновскийдiң өзi “саяси қызметiме жасалған құрмет” деп бағалапты. Ал оның агрессорлық пиғылынан жиренетiн жұрт ескерткiштi айғайшыға қойылған айғайтасқа көбiрек ұқсатады.

Тiрi адамға тәлтитiп ескерткiш тұрғызу қазақстандықтарға аса таңсық дүние емес. Бiрақ аталған ескерткiш неге басқа саясаткерлерге емес, Жириновскийге тұрғызылды деген сауалға жауап iздеген маңызды. Және оны табу үшiн данышпан болудың да қажетi жоқ. Өйткенi Жириновский саясатқа араласқан 30 жылдан берi Кремльдiң “басты айғайшысы” қызметiн “абыроймен” атқарып келе жатыр. Мәскеудiң ресми мәлiмдеуге келмейтiн саясаты ұдайы осы адамның аузынан атқып шығады. Оның кейбiр сөздерi алаң­ғасардың ауа-жайылуына ұқсаса, ендi бiр сөздерi тентек кiсiнiң басбұзарлығына келiңкiрейдi.
Алайда соның барлығының түбiнде баяғы империялық кезеңдi көксейтiн сұрқия саясаттың күлiмсi иiсi мүңкидi де тұрады. “Қазақстанның солтүстiк облыстарын Ресейге қосып алу” туралы “қиялға шомған” да дәл осы – Жириновский. Оған салсаңыз, “Орталық Азия елдерiн оккупациялауға” да кетәрi емес. “Бомба тастап, Стамбұлды су түбiне жiберу” “әдiсi” де тек Жириновскийдiң миына қонады. Батыста теракт болса, “жарылып өле берiңiздер” деп “дұға қылу” да тек осының қолынан келетiн iс.
Рас, кейде Ресей билiгiне қарсы шапқандай қылық көрсететiнi бар. Онысы – ЛДПР партиясына оппозициялық реңк үстеген түрi. Бiрақ ЛДПР мен “Яблоконың” арасындағы айырмашылық – жер мен көктей. Соңғысына Думадан орын тимейдi. Ал ЛДПР Мәжiлiске “Нұр Отанмен” iлесе баратын қазақстандық бiрер партия секiлдi өз үлесiнен қағылған емес.
Осыған қарап-ақ, Жириновскийдiң саяси бейнесi туралы тұжырым жасауға болатын-ақ шығар. Дегенмен мойындайтын бiр мәселе, бiз Жириновскийдi қанша жерден жек көргенiмiзбен, ол орыс билiгiне, “орыс әлемiне” қызмет етiп келе жатыр. Кейде тiптi жауға салар айбалтаның да “орнына” жүредi.
Өкiнiштiсi, бiздiң билiкте, бiздiң мәжiлiсте дәл осындай айғайшы жоқ. Бiздегi ай­ғайшылар Амантай қажының деңгейiнде ғана. Әйтпесе қазақтан да бiр “әпербақан” шығып, “ә” деген Жириновскийге Ақорданың төрiнде тұрып, “мә” десе, еңсемiз бiр көтерiлiп қалмас пе едi?! 
Қ.Баян
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті