1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15491) 27 сәуір, сейсенбі 2010
27 сәуір 2010
Савл қалай Павл болды?

“Көпшiлiктiң көзiнде, ал Владимир Познердiң мұрнының ұшында тұратын не зат? Ол — көзiлдiрiк...”. Бұл жұмбақ-қағытпаның жауабын Познердi танитын көп­шiлiк бiледi. Аузы дуалы осы ресейлiк журналистi қазiр орыстардың өзi жақтырмайды. Әсiресе, орыс ұлтшылдары.

Қайбiр жылы Қазақстан­ға келген Познердi орыстiлдi һәм орысшыл шенеунiктер хан көтерiп, кейбiр басылымдардың тiлшiлерi аузына түкiрткiзiп, бiр шабылып қалғаны есте.
“Караван” газетiне сұхбат берген Познер былай деген сонда: “Мен — еуропалықпын. Азия менi онша қызықтырмайды. Оны түсiнбеймiн. Көптеген елдiң тiлiн бiлемiн, бiрақ азиялықтардың тiлiн бiлмеймiн. Үйренуге уақытым жоқ. Тiптi музыкасын да қабылдай алмаймын...”.
Познер “азиаттар” деп шекесiнен қарап отырған халықтардың арасында Қазақ елi де бар. Егер Познер қа­зақ­ты түсiнгiсi келмесе, қазақ та Познердi түсiнуге мiндеттi емес!
Екi ғасырға жуық тарихы бар “Литературная газета” жақында Владимир Познердi жақсылап тұрып бiр “сабап” алды. Орыс­қа қарсы саясат жүр­гiзгенi үшiн Польша мен Ресейдiң арасына от тастамақ болғаны үшiн. Ұлтшыл басылым Познердiң “бас терiсiне” тиiспегенiмен, оның түп-тұқияны қайдан екенiн де астарлап еске салыпты.
“Познердiң әшкереленуi” деп аталатын мақалада тiлшi былай дейдi: “Владимир Владимирович — журналист емес. Ол — үгiттеушi. Үгiт­теушi болғанда да, партияның мектебiнде ысылған, әбден сарқаптал болған үгiттеушi. Ол дер кезiнде партиясын “қайта сайлап” алды. Азаматтығы мен iшкi принциптерiн де. Осылайша, бұрынғы Савл қазiр Павл болып шыға келдi...”.
Бiзде де осындай “поз­нерлер” аз емес. Тек асып-тас­қандардың аптығын басатын кiм бар?..
Әзiрлеген Ерiк Рахым.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті