1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15436) 13 қазан, сейсенбі 2009
13 қазан 2009
Президентке қарсы шыққаны үшiн өлiм жазасына кесiлдi

 

 
Маусым айында Иранда өткен сайлау кезiнде қазiргi президент Махмуд Ахмединежадтың сайлануына қарсы шыққандар мен құқық ­қорғау қызметкерлерi арасында көптеген қақтығыстар болған едi. Солардың бiрiн ұйымдастырғаны үшiн Мохаммед-Реза Али-Замани есiмдi 37 жасар ирандық сот шешiмiмен өлiм жазасына кесiлдi. Ол қазiргi прези­денттiң қайта сайлануына қарсы шығып, сайлаудың қайта өтуiн талап еткен болатын. Сотта Али-Заманидiң шетелдiк террористiк ұйымдарға қатысы бар екенi және Иранның жоғарғы лауазымды шенеунiктерiне шабуыл жасамақшы болғаны айтылды. Али-Заманидiң өзi де тағыл­ған айыптың бәрiн мойындаған. Бiрақ, оның жақтаушыларының айтуынша, ол ешбiр шерулердi ұйымдастыруға атсалыспаған. Оны тағылған айыпты мойындауға күштеп мәжбүрлеген.
Али-Замани маусымда болған оқиғалар үшiн өлiм жазасына кесiлген жалғыз адам болмауы әбден мүмкiн. Себебi, сол кезде қамауға алынған жүздеген адамға әлi де сот үкiмi шығарылмаған.
 
ИРАКТА 25 АДАМ ҚАЗА ТАУЫП, 80 АДАМ ЖАРАҚАТТАНДЫ
Жексенбi күнi Ирактың Анвар провинциясының орталығы Рамади қаласында қатарынан үш жарылыс болған. Нәтижесiнде 25 адам қаза тауып, 80 адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткiзiлдi. Үш жағдайда да лаңкестер халық көп жиналатын жерге барып, жарылғыш заттармен жабдықталған көлiктi өздерiмен бiрге жарып жiберген. Екiнiшi жарылыс алғашқысынан он минуттан кейiн жарылған. Ал үшiншiсi алғашқы екi жарылыстан кейiн жараланғандарды жеткiзген аурухана маңында жарылған. Әлi ешбiр ұйым жарылыстар үшiн жауапкершiлiктi өз мойнына алмай отыр.
 
ОБАМА НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ
Бейбiтшiлiк саласындағы Нобель сыйлығының биылғы жеңiмпазы болып АҚШ прези­дентi Барак Обама атанды. Комиссия мүшелерi сыйлықтың Обамаға берiлуiн “халықаралық дипломатия мен әлемдегi бей­бiтшiлiкке қосқан үлесi үшiн” деп түсiндiрдi. Норвегия Нобель комитетiнiң төрағасы Торберн Ягланд болса: «Комитет Обаманың ядролық қарусыз әлем деген көзқарасы мен атқарып жатқан жұмысына айрықша ден қойды, сондай-ақ халықаралық саясатта жаңа ахуал қалыптастырды», – деп атап өттi. 
Барак Обама – АҚШ тарихындағы алғашқы афроамерикандық президент. Ол президент­тiкке келе салысымен Джордж Буш ұстанған бiржақты саясаттан бас тартып, АҚШ-тың ғана емес, басқа да елдердегi жағдайдың жақсаруына қызмет ететiнiн айтқан болатын.
Президенттiкке келгенiне бiр жыл толмаған Обамаға бұл беделдi сыйлықтың берiлуi әлемде әртүрлi пiкiр туғызуда. Бiрi Обаманы нағыз лайықты тұлға деп санаса, бiрi Еуропаның АҚШ-қа бiлдiрген бағыныштылығының белгiсi деп қабылдауда. Обама болса, өзiне мұндай сыйлықтың берiлуi мойнына үлкен жүк артқанын айтады. 
Обама сенiмдi ақтау үшiн алғашқы қадамдарды бастап та үлгердi. Ол 980 мың еуро көлемiн­дегi Нобель сыйлығының ақшалай сыйақысын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты. Сый­ақы бiрнеше әлем­дiк гуманитарлық ұйымдар арасында бөлiнедi. Бiрақ, нақты қандай ұйымдарға беретiнiн Обама әлi де шешпегенге ұқсайды. 
Обама – Нобель сыйлығын алған төртiншi американдық президент. Бұған дейiн АҚШ пре­зиденттерiнiң арасынан бұндай құрметке Теодор Рузвельт, Вудро Вильсон және Джимми Картер ие болған.  
 
ЮЩЕНКО КОММУНИЗМ ЕС­ТЕЛIК­ТЕРIН ҚОҚЫСҚА ТАСТАУДЫ ҰСЫНДЫ
Украина президентi Виктор Ющенко украин халқын коммунизм елесiнiң белгiлерiнен арылуға шақырды. Бұл ұсынысты ол Ивано-Франков облысындағы коммунизм репрессияларының құрбандарына арналған музейге барғанда айтқан. Музейдiң ашылуына қатысқан ол, халықты аштыққа ұрындырған әрбiр “қаһарманның” аты аталып, оларды тарих сотына беру керек екенiн айтқан. Одан бiрнеше күн бұрын президенттiң жұбайы Катерина Ющенко да осыған ұқсас ұсыныс жасаған болатын. Ол халықты сол заманды еске салатын барлық бел­гiлерден арылуға шақырған.
 
БЕЛАРУСЬ ДЕПУТТАТАРЫ ӨЗ-ӨЗДЕРIН ШЕКТЕДI
Беларусь парламентiнiң төменгi палатасы депутаттардың қызмет бабы кезiнде сыйлық алуына және шетелдiк банктерден шот ашуға тыйым салатын заң жобасын бiр ауыздан мақұлдады. Заң жобасының қабылдануына тек бiр депутат қарсы дауыс берген. Бұл заң жобасы күшiне енген күннен бастап барлық депутаттар сыйлыққа естелiк сувенирлердi ғана алуына болады. Онда да оның бағасы бес базалық көрсеткiштен асып кетсе (1890 рубль), оны мемлекет қазынасына өткiзуге мiндеттi. Сонымен қатар халық қалаулыларына өзiнiң бизнесiн жүргiзуге және бизнеспен айналысатын жақындарына қызмет бабын пайдаланып көмектесуге шектеу қойылған. Жаңа заңға сәйкес әр депутат және оның жақын туыстары үкiметке өздерiнiң табыс көздерi және кiрiс көлемi жөнiнде есеп берiп отыруға мiндеттi. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті