1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (16021) 2 маусым, сейсенбі 2015
2 маусым 2015
Украина: Саакашвили тәртiп орнатады. Ресей: Бұл – “Шапито-шоудың” жалғасы

Өткен апта соңында Грузияның бұрынғы президентi Михаил Саакашвили Украинаның Одесса облысының губернаторы болып тағайындалды. М.Саакашвилидi Одесса облысына Украина президентi Петр Порошенконың өзi апарып таныстырды. 

М.Саакашвилидi Одесса облысына губернатор етiп тағайындауды үкiметтiң өзi ұсынған. Сенбi күнi Грузияның экс-президентiне Ук­раи­на азаматтығы берiлдi. Сол күнi түстен кейiн оның Одесса облысын басқаратыны белгiлi болды.

Саакашвилиден Украина жұртының не күтетiнi түсiнiктi. Грузиядағыдай темiр тәртiп орнату, жемқорлықты тыю, әдiлеттi сот жүйесiн құ­ру. Мұны Украина президентi П.Порошенко да өз сөзiнде пысықтады. “Саакашвилидiң кезiнде Грузияда ашық қоғам орнады, жемқорлыққа қарсы реформа арқасында шетел­дiк инвесторлар үшiн тартымды елге айналды, соттардың әдiлеттi­лiгi қамтамасыз етiлдi. Украинаның, Одессаның осындай дәрежеге жеткенiн көргiм келедi”.
Порошенко “Одесса агрессор нысанаға алатын аймақ” екенiн ескерттi. Мұнысы Саакашвили бұл өңiрдiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп, елдi қорғайды дегенi болса керек.
Тағайындала салысымен, жеңiн түрiп, жұмысына бiлек сыбана кiрiскен Саакашвили аудан әкiм­шi­лiктерiнiң 24 басшысының лауазымына байқау жариялайтынын, ал мәнi жоқ басшылық қызметтердi қыс­қартатынын айтты. Осылайша жаңа губернатор облыстық бюджеттiң 4,1 миллион гривенiн үнемдемек.
Сондай-ақ, Грузияның бұрынғы президентi Одессадағы жемқорлыққа тү­бiнен балта шабатынын кесiп айтты. “Облыстың кез келген билiк құрылымындағы жемқорлар қызметiнен кетiрi­ледi. Қоғам сенiмi болмаған жер­де реформа жүргiзу мүмкiн емес”.
Сонымен қатар жаңа облыс басшысы құқық қорғау органдарын жаңартатынын мәлiм еттi. Грузия басшылығына келгенде Саакашвили құқық қорғау органдарын то­лық тазалағаны белгiлi.
Саакашвилидi ежелден жау көретiн, оның үстiне Укриананың iшкi iсiне араласуға етi үйренген Ресей Порошенконың шешiмiне риза емес, әри­не. Ресейдiң премьер-министрi Д.Медведев мұны “шапито-шоудың” жалғасы” дептi. Ресейлiк сарапшылар “Порошенконың кадрлары жоқ, өзiнiң курстасы Саакашвилиди шақырып алғаны содан”, “Саакашвили Пред­нес­­тровье­дегi ахуалды ушықтыруы мүмкiн” деп әртүрлi баға бередi.
М.Саакашвили П.Порошенконың курстасы екенi рас. Мұны Грузияның бұрын­ғы президентi “Сноб” журналына берген сұхбатында растаған. “Бiз Киев университетiнде бiрге оқы­дық. Киевте ең элитарлы саналатын халықаралық қа­тынастар факультетiн бi­тiрдiк”.
П.Порошенко М.Саакашвилиге бұған дейiн де түрлi қызмет ұсынған. Былтырғы жылы үкiмет жетекшiсiнiң орынбасары қызметiн ұсынған. Онан кейiн жемқорлыққа қарсы бюро басшысы қыз­метiн атқаруға шақырған. Бiрақ Саакашвили Грузия азаматтығынан бас тартқым келмейдi деп Порошенко ұсынысын қабыл алмаған.
Ресейшiл БАҚ Саакашвили өз шешiмiн неге өз­герттi, Грузия азаматтығынан неге бас тартты деген мәселенi сан-саққа жүгiртiп жатыр. Грузияның қазiргi президентi Георгий Мар­гвелашвилидiң “Саакашвили азаматтықтан бас тарту арқылы өз елi мен президент институтын қорлады” деген сөзiн iлiп әкеткендер баршылық.
Өз елiнде үстiнен қылмыс­тық iс қозғалып, елiне жа­сал­ған жақсылықтар ұмытылып, қудалауға түссе, басқа елге пайдасын тигiзбегенде қайтсiн? Өз елi керек етпеген ұлды өздерiн түзеуге бет алған өзге ел бағалап, шақырды. Бiздiң елдi де тазаласын, тәртiп орнатсын деген пиғылмен. Бұдан бас­қа саяси астар iздеудiң қажетi жоқ.
 
Қағытпа
– Владимир Владимир­ұлы, бiз де Ресейдiң бiр облысына ТМД-ның бұрынғы президентiнiң бiрiн губернатор етейiк.
– Дима, не деп тұрсың? ТМД-да бұрынғы президенттер жоқ, бiзде бұл өмiр бойғы қызмет!
 
А.ЕСIМ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті