1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015
13 мамыр 2015
«Путин. Соғыс»: Өтiрiктiң құйрығы бiр-ақ тұтам

Биылғы жылдың ақпан айының соңында оппозициялық сая­саткер Борис Немцов Мәскеуде тапсырыспен өлтiрiлдi. Көзi тiрiсiнде Немцовтың Ресей президентi Владимир Путиннiң қылмысын әшкерелейтiн баяндама дайындап жатқаны айтыл­ған. Өкiнiшке қарай, баяндаманы өзi аяқтай алмады. “Путин. Соғыс” деп аталатын еңбектi Б.Немцовтың саясаттағы әрiп­тестерi қорытып, кеше жария еттi. Баяндаманы дайындауға бұрынғы вице-премьер Алфред Кох, журналистер Айдер Муждабаев, Олег Кашин, ПАРНАС (Ұлттық бостандық партиясы – Е.Р.) саяси кеңесiнiң мүшелерi Илья Яшин мен Леонид Мартынюк және партияның атқарушы директоры Ольга Шорина атсалысқан.

“Путин. Соғыс” зерттеуi 64 беттен тұрады. Баяндаманың негiзгi өзегi – Ресейдiң Украинаға жасаған басқыншылығы. Борис Немцов Ресейдiң ресми органдары таратқан ақпаратқа мүлдем қарама-қайшы деректер келтiрген.
“Не iстеу керек деп ұзақ ойландым. Ақырында “Путин. Соғыс” деп аталатын баяндама жазып, оны көше-көшеде тарату керек деп шештiм. Путиннiң бұл соғысты қалай бастағанын ашық айтуға тиiспiз. Жалған насихатты тек осылай ғана жеңе аламыз”, – дептi Б.Немцов баян­даманың алғысөзiнде.
Кеше бет қатталып жатқанда баяндаманың толық мәтiнi жарияланған жоқ. Алдағы уа­қытта бұған кеңiрек тоқталамыз. Әзiрге зерттеудiң негiзгi өзегiне шолу жасайық.
2014 жылдың тамыз айында Украина әскерi шабуылға шықты. Оларды Иловайскiнiң тұсында Ресей әскерi тоқтатты. Бұл соғыста кем дегенде 150 ре­сейлiк солдат оққа ұшты. Қаза болған әскерилердiң әрқайсысы үшiн туыстары 2 миллион рубльден алған және құпияны жарияламауға мiндет­телген.
2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында Дебальцево қаласында 70-ке жуық ресейлiк жауынгер қаза болды. Оның 17-сi – Ивановодан келген десантшылар. Жауынгерлердiң туған-туыстары мен олардың мүдделестерi ақпан айында Немцовтан көмек сұраған. Өйткенi өтемақы ала алмаған.
Оның себебi – дәл сол тұста солдаттарды әскерден босатып, оларды Донбасқа ерiктiлер ретiнде жiберген. Ресейдiң қорғаныс министрлiгi “оққа ұшқандарға немесе жараланғандарға өтемақы төлеймiз” деп алдаған.
Украинаның шығысындағы соғыстың тоғыз айында Ресей бюджетi 53 миллиард рубль шығындалған. Мұндай деректi баяндаманы дайындауға атсалысқан сарапшы Сергей Алексашенко келтiрген. Бұл шығынның 25 миллиард рублi – 6 мың “ерiктiнi” ұстап тұруға жұмсалса, 25 миллиард рублi – жергiлiктi жасақтың, 7 миллиард рублi – әскери техниканың шығыны.
2014 жылдың шiлдесiнен бастап Украинаның Донецкi және Луганскi облыстарынан ағылған босқындарға 80 миллиард рубль шығын шыққан.
Алексашенконың есептеуiнше, Қырымға басқыншылық жасау үшiн ресейлiктер айлығынан 2 триллион рубль, жиған-тергенiнен 750 миллиард рубльдi бала-шағасының “ауызынан жырып” берген.
Қаза болған жауынгерлердiң туған-туыстары жағдайды ашып айтуға күнi бүгiнге дейiн қорқып келдi. Өйткенi қылмыс­тық iс қозғап, қудалауы мүмкiн. Мәселен, Светлана Давыдованы “Украинаның пайдасына шпиондық жасады, отанын сатты” деп айыптағаны сияқты.
Саясаткердiң қазасы көпшiлiктiң көзiн ашты. “Немцовты айдың-күннiң аманында Кремльдiң түбiнде атып өлтiргендер Ивановодағы жақындарымызға тiптi де ойына келгенiн iстемей ме?!” – дептi қаза болған десант­шылардың туыстары.       
Ерiк РАХЫМ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті