1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (15480-81) 18 наурыз, бейсенбі 2010
18 наурыз 2010
Оппозиция телеарна мен билiктi сотқа бермекшi

Грузин оппозициясы жуырда «Имеди» телеарнасы таратқан жалған ақпаратты өздерiне қарсы соққы ретiнде бағалап, телеарна басшылығын сотқа бермекшi. «Имеди» арқылы таратылған елдегi оппозицияның Ресейге кетiп, Грузия президентi Михаил Саакашвилидiң қазасы жөнiндегi ақпарат жұрт арасында дүрбелең туғызды.

Грузиялықтар Тбилиси шекарасына Ресей танкiлерi басып кiрiп, Грузия президентi Михаил Саакашвилидiң қаза тапқаны жайлы өтiрiк хабарды көргенде үрейленiп, байбалам салған. Тiптi кейбiрiнiң жүрек талмасы ұстап, ауруханаға түскен.
Түн­гi уақытта берiлген бағдарлама жөнiндегi халық талқылауы ертеңгi күнi таңертеңнен басталды. Онда саяси оппозиция бәрiн тастап Ресеймен кеттi делiнiп, оппозиция жетекшiсi Нино Бурджанадзе мен бұрынғы премьер-министр Зураб Ногайделидiң аттары аталған.
Грузия оппозициясы «Имеди» арнасының бұл хабарын ашу туғызатын әрi жауапсыздық iс деп бағалады. «Бiреу сенi еш жауапкершiлiксiз басқа бiр елдiң тыңшысы атайтын бiздiң елден өзге есi дұрыс бiр елдi бiлмеймiн. Мен Грузия халқы тұрақтылық, елдiң бiрлiгi мен демократия үшiн өз таңдауларын жасайтынына өте се­нiмдiмiн. Бiзге бұл қылмысты, жауапсыз үкiметтi ауыстыру керек», - дедi парламенттiң бұрынғы спикерi, оппозиция жетекшiсi Нино Бурджанадзе.
Грузин оппозициясы «Имеди» телеарнасының сенбi күнгi дүрбелең туғызған бағдарламасын үкiметтiң жүргiзiп отырған насихаты деп мәлiмдедi.
«Име­­­ди» телеарнасының бұл хабары 2008 жылдың тамызында Ресей әскери бөлiмшелерiнiң Грузияға басып кiргенiне 18 ай толған кезде берiлдi. Хабарда осыдан бiр жарым жыл бұрынғы әскери қақтығыстан алынған бiрқатар бейне-сюжеттер көрсетiлдi.
Грузия президентi Михаил Саакашвилидiң досы иелiк ететiн «Имеди» телеарнасы бағдарламаның алдында сюжетте болуы мүмкiн оқиғалардың ойдан құрастырылғанын ескерткен. Бiрақ, толық бағдарлама барысында ол нағыз шынайы оқиға сияқты көрсетiлiп, оның сайқымазақ хабар екенi айтылмаған. Кейiннен арна басшылығы өздерiнiң халықты әбiгерге салған бағдарламасы үшiн халықтан кешiрiм сұрады.
 Оппозиция лидерi Нино Бурджанадзе өзiнiң «Бiрiккен Грузия-Демократиялық қозғалысы» бұл бағдарлама үшiн «Имеди» телеарнасы мен билiктi сотқа беретiнiн айтты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті