1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15861) 14 қараша, бейсенбі 2013
14 қараша 2013
Шетел жаңалықтары

ДАУЫЛДАН 1833 АДАМ ӨЛIПТI

Өткен сенбi-жексенбi күндерi Филиппиннiң астын үстiне келтiрген “Хайян” дейтiн дауылдан 1833 адам көз жұмған. Тағы 84 адам iз-түзсiз жоғалыпты. Мұны кеше Филиппиннiң төтенше жағдайлар жөнiндегi ұлттық агенттiгi ресми түрде мәлiмдедi.
Бұдан бiр күн бұрын ғана Филиппиннiң прези­дентi Бенигно Акино “дауылдан 2-2,5 мың адам көз жұмды” деп хабарлаған-ды. Сондай-ақ, дауылдың дәл ортасында қалған Лейте провинциясының басшылығы “10 мыңнан астам адам құр­бан болды” деп мәлiм­деп жiберген. Iле-шала президент Бенигно Акина қайыра жұрт алдына шықты. Ол “өзi ойлағандай дауылдың аса қатты соқпағанын” ескертiп, “алғашқы айтқан дерегi қате екенiн” мойындады.
 
БЕС ЖАРЫМ МЫҢ ТОННА АПИЫН ЖИНАПТЫ
БҰҰ-ның мәлiметiнше, биыл Ауғанстанда апиын жинаудың рекордтық көрсеткiшi тiркелiптi. Халықаралық ұйымның есiрткi және қылмыс қызметi Ауғанстандағы есiрткi көлемi жөнiнен жыл сайын есеп бередi. Биылғы есебiнде “Ауғанстанда 5 500 тонна апиын жиналды” деп көрсеткен. Өткен жылы бұл елде апиын көлемi бұдан 49 пайызға кем болыпты.
Әлгi есепте апиынның Ауған жерiндегi тәлiптер мекендейтiн аймақта көп өсiрiлетiнi айтыл­ған. Тәлiптер көбiне-көп елдiң оңтүстiк және шығыс аймақтарында тұрады.
 
ӘЛЕМДЕГI ЕҢ ҚЫМБАТ КАРТИНА САТЫЛДЫ
Ағылшынның қылқалам шебе­рi Фрэнсис Беконның “Айнадағы көрiнiстi бейнелеу” деп аталатын картинасы Нью-Йорктегi Кристи аукционында 142 миллион 400 мың АҚШ долларына сатылды.
“Аса құнды көне сурет” дейтiндей емес, Фрэнсис Бекон бұл суреттi 1969 жылы салған. Суретте Беконның досы Люсьен Фрейд бейнеленген.
Бұған дейiнгi ең қымбат картина – Эдвард Мунктiң “Жанайқай” деп аталатын картинасы. Ол 120 миллион АҚШ долларына сатылған-ды.
Е.Биеке.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті