1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15471) 16 ақпан, сейсенбі 2010
16 ақпан 2010
Янукович жеңдi, ал украин халқы ше?

Виктор Янукович – Украинаның жаңа сайланған президентi. Мұны Украинаның орталық сайлау комиссиясы ресми түрде жария еттi. Хаттама қорытындысы бойынша, екiншi турда В.Янукович 48,95 дауыс жинаса, оның қарсыласы Ю.Тимошенко 45,47 дауыс алған.

Тимошенко штабы президент сайлауының ресми қорытындысымен келiспей, шағым түсiрмек. Тимошенконың өкiлi Владимир Пилипенко кейбiр аймақтардағы да­уыс беру, қорытынды жасау жөнiндегi сот iсi аяқталмай жатып, ОСК-ның ресми қорытынды жасауы заңсыз екенiн айтады. Бiр ғана Киевтiң сотында апелляциялық 43 шағым жатыр екен.
Батыс аң-таң. «Украинаның билiк басына Янукович деген люмпен келдi, Еуроодақ мұның алдында шарасыз» деп жазды батыс басылымдарының бiрi. Қалай десек те, Украинада қызғылт-сары төңкерiс дәуiрi өттi. Украиналықтардың одан жерiгенi байқалады. Әйтеуiр, Янукович көп дауыс жинады. Бұл – Батыстың ұтылысы, Ресейдiң жеңiсi ме? Әлде Украина қоғамының жеңiсi не қателiгi ме? Бұл сұрақтарға әдiл төрешi – мәртебелi уақыт әлi-ақ жауап беретiн болады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті