1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15840) 5 қыркүйек, бейсенбі 2013
5 қыркүйек 2013
Путин мен Обама келiсе ала ма?

АҚШ-тың Сирияға қарсы күш қолдану-қолданбауы мәселесi соңғы күндерi әлемдiк БАҚ-тың бiрiншi бағанынан түспей тұр. Бұл мәселенiң нүктесi 9 қыркүйекте екi палатаның өкiлдерi каникулдан келген соң қойылмақ.

Сирияға қатысты қарардың мәтiнiн келiсу жиынында мемлекеттiк хатшы Джон Керри, қорғаныс министрi Чак Хейгел және қарулы күштер штабы комитетiнiң басшысы Мартин Демпси сөйледi. Заң шығарушы орган өкiлдерi төрт сағат бойы үшеуiнiң сiлiкпесiн шығарды. Қарарға ашық қарсы шықпағанымен, республикашылдар мен демократтардың арасында Обаманың Сирияға қатысты жоспарымен келiспейтiндер аз емес екен. Керри мен Хейгел оларды Сирия басшылығының бейбiт халыққа қарсы химиялық қару қолданғанына сендiруге тырысып бақты.
“Егер Башар Асад өз халқына қарсы химиялық қару қолданса, ол қару “Хизбаллах” сияқты лаңкестiк ұйымдардың қолына түсуi ғажап емес” деп шырылдады қорғаныс министрi Чак Хейгел.
Бұл жиынға аса ықпалды сенатор Джон Маккейн де қатысты. Тым ұзаққа созылған талқылауда Маккейн қалта телефонымен покер ойнап отырыпты. “Вашингтон таймс” газетi ойын ойнап отырған Маккейндi суретке түсiрiп алып, жариялап жiбердi. “Жұрт Сирия мәселесiн талқылап жатқанда, сенатор Маккейн “Айфон” телефонымен покер ойнап отырды” деп жазды басылым.
Маккейн еш сасқан жоқ, ойнамадым деп те ақталмады. Ол былай дедi: “Масқара! Сенаттағы үш сағаттық тыңдауда “Айфонмен” ойнап отырғанымда үстiмнен түстi. Ең жаманы – мен покерден жеңiлiп қалдым...”.
Бұдан ненi байқауға болады? Обаманың Сирияға қатысты жоспарын Маккейн сияқты өте ықпалды сенатордың қолдамайтынын байқаймыз.
Бүгiн-ертең Санк Петерборда G20 саммитi өтедi. Саммитте түрлi мәселе сөз болатыны белгiлi, бiрақ ең негiзгi әңгiме Сирия төңiрегiнде өрбитiнi анық. Путин мен Обама Сирия жөнiнде ортақ келiсiмге келе ала ма, әлде Обама Путиндi, Путин Обаманы күлкi жасауға тырысып, мәселе одан әрi ушыға ма? Осы сұрақты сарапшылар жатпай-тұрмай талқылап жатыр. Джон Керри “Обама Асадтың химиялық қару қолданғанына Путиннiң көзiн жеткiзедi” дейдi. Обама Путиннiң көзiн жеткiзген күннiң өзiнде Путиннiң өз саясаты өзiнде емес пе?
Әйтеуiр, сарапшылар “Путин мен Обаманың тiл табысуына ешқандай алғышарт жоқ” деп кестi. “Үшiншi дүниежүзiлiк соғыстың басы” деп бағаланған Сирия дағдарысына қатысты екi елдiң басшысының не шешетiнi бүгiн-ертең белгiлi болады.
Е.Көшербай.    
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті