1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15825) 16 шілде, сейсенбі 2013
16 шілде 2013
Шетел жаңалықтары

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРI ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ БОЛДЫ

МАГАТЭ-нiң бұрынғы басшысы әрi Нобель сыйлығының иегерi Мұхаммед әл-Барадей Египеттiң вице-президентi ретiнде ант қабылдады. Салтанатты жиын мемлекет басшысының Каирдегi резиденциясында өттi.
Барадейдiң халықаралық саясаттағы тәжiрибе­сiне сенсе керек, уақытша президент Адли Ман­сұр оған халықаралық қатынастарды жүйелеудi тапсырыпты.
71 жастағы Мұхаммед әл-Барадейдiң мамандығы – заңгер. Бұған дейiн оны жақтастары үкiмет басшылығына ұсынған-ды. Алайда бұл ұсыныстан Барадейдiң өзi бас тартқан.
Египеттiң тарихында тұңғыш рет мәдениет және ақпарат министрлiгiн әйелдер басқаратын болды. Мәдениетке Каир опера театрының же­текшiсi Инас Әбдель Даим келсе, ақпарат ­министрлiгiне журналист Доррия Шараф ад-Дин ұсынылмақ.
 
ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖҰМЫРТҚА ЛАҚТЫРДЫ
Украинаға ресми сапармен барған Польшаның президентi Бронислав Комаровскийге 21 жастағы жiгiт жұмыртқа лақтырды.
Волынскi қасiретiнiң 70 жылдығына орай Луцк қаласында өткен жиынға келген Комаровский шiркеуден шыға бергенде президентке қарай жұмыртқа лақтырылған. Жұмыртқа президентке емес, оның оққағарларының бiрiне тиiп, одан шашыраған ақуыз бен сарыуыз Комаровскийдiң кәстөмiн былғаған. Күдiктi ретiнде Запарож облысының 21 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тарихшылар арасында талас тудырып жүрген Волынскi қасiретi деген атпен мәлiм оқиға 1943 жылы болған. Кейбiр тарихшылар “украин ұлтшылдары Волынскiде 100 мың полякты қырып тастады” дейдi. Алайда Украин ұлтшылдары мұны терiске шығаруда. Польша президентiне қарсы наразылық акциясының басты себебi осы болса керек.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті