1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
13 сәуір 2017
«ТҮЙЕНІ ЖЕЛ ШАЙҚАСА, ЕШКІНІ АСПАННАН ІЗДЕ»

Әлемнің түкпір-түкпірінде алуан түрлі оқиғалар, қанды қақтығыстар боп жатады. Ғаламдық шахмат тақтасында ерсілі-қарсылы жүріс. Екі жақ бір-бірінің фигураларын «жеп жатыр». Дене түршігерлік сюжеттерді теледидардан көреміз де, «бізде болса бәрі тыныш, ол у-шудың бізге қатысы жоқ» деп

13 сәуір 2017
Жармахан ТҰЯҚБАЙ мәлімдейді: ДЕПУТАТ АЙЛЫҒЫНЫҢ ӨСУІ – АРСЫЗ ӘРІ ЖАУАПСЫЗ АКТ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) төрағасы Жармахан Тұяқбай парламент депутаттары жалақысының көбеюін «бұл билік түрінің моральдық-өнегелік деңгейіне күмәнді бұрынғыдан да күшейте түсетін арсыз әрі жауапсыз акт» деп бағалады.

11 сәуір 2017
Ресейден маман шақыру сандырақ па, әлде саясат па?

Шымкент қаласындағы орыс мектептерінде орыстілді мұғалімдердің саны күрт азайып кетіпті. Бүгін-ертең зейнет демалысына шыққалы отырған мұғалімдер саны екі жарым мыңға жуық. Оңтүстікте орыс тілі пәндері бойынша оқу бітіретіндер саны аз болғандықтан, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева қажетті мамандарды солтүстік өңірден іздеуді жөн көреді. Бірақ қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құшағын одан да кеңірек жайып, «орыстілді мамандарды Ресей мен Украинадан шақыртсақ болады» деп отыр. Әкім мұндай мұғалімдерді шақырып қана қоймай,

6 сәуір 2017

Ресейде көп адам опат болған теракт оқиғасынан кейін әркез саяси өзгерістер болып, заңды қатайтады – қылмыстық кодекс қана өзгермейді. Ең белгілі жағдай – 2004 жылы Бесланда содырлар мектепті басып алған соң, сайлау болмай қалған еді. Ол кезде 333 адам қаза тапты, олардың көбі балалар еді. Шабуыл болған күннің кешінде Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасады. Ол: «Мұндай жағдайда бұрынғыдай қамсыз

6 сәуір 2017
Ит жоқта шошқа үреді

Өзінің журналистік (не басқа бір ел қызығарлық әрі мойындарлық) талантынан гөрі «кремльдік пропагандист» ретіндегі біржақтылық, бұрмалаушылық, орынсыз табандылық қасиеттерімен дүйім жұртқа танылған ресейлік медиатұлға Владимир Соловьевтің Қазақстанға бір күнге келіп-кетуі қоғамдық резонанс жағынан Путиннің бізге жасап жүрген сапарларынан да асып түскен сияқты. «Той бітті, қу кетті», ал у-шу әлі де жалғасып жатыр. Сонымен, Соловьевтің секемді сапарының

6 сәуір 2017

Әрине, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы 14 адамның өмірін қиған террорлық жарылыс әлем жұртының үрейін туғызды. Ал «жарылысқа қазақстандық Максим Арышев деген студенттің қатысы болуы мүмкін» деген ақпарат Қазақстан жұртын тіптен шошытып жіберді. Әйтеуір, құдай сақтап, бұл ақпарат кейіннен жалған боп шығып, Максимнің жарылыс құрбаны болғаны анықталды. Дегенмен де көрші елдегі жарылыс астаналық құқық қорғау органдарын да аяғынан тік тұрғызды. Күтпеген жерден қаладағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп,

30 наурыз 2017
АҚШ «ай бәйгесінде» 50 жыл бұрын дара болды

ЕНДІ ПУТИН ҚАРЫМТА ҚАЙТАРҒЫСЫ КЕЛЕДІ

1957 жылы Кеңес Одағы бірінші болып жер серігін Жер маңындағы орбитаға шығарды, ал 1961 жылы кеңес ғарышкері Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан алғашқы адам болды. «Кеттік!» – деді Юрий Гагарин, сөйтіп, «Восток» ғарыш кемесі «Семерка» зымыранының көмегімен аттандырылып, Жер маңы орбитасына

30 наурыз 2017
Ресей «көктемі»

Ресейге көктем шерулете жетті. 27 наурызда Ресейдің көптеген қалаларында мыңдаған адам қатысқан митингілер болды. Наразылық шерулерін коррупциямен күрес қорының жетекшісі, оппозициялық саясаткер Алексей Навальный ұйымдастырған. Мыңдаған адамның шеруге шығуына түрткі болған нәрсе – «Он вам не Димон» («Ол сендерге Димон емес») деп аталатын фильм. Фильм Ресей прьемер-министрі Дмитрий Медведевтің жемқорлығы жайлы. Оны Навальный негізін қалаған коррупциямен күрес

30 наурыз 2017
Митингтік мимикрия

«Навальный – нағыз азамат! Оның шақыруы, ұйымдастыруымен халық Мәскеудің ортасын қақ жарып өтіп шықты!» деген сөздер қазір біздің елде де жиі айтылып жатыр. Мен де бұл мақтау-қолдауларға қосыламын. Қосылмай қайтейін, ол халық ішіндегі ең түйткіл боп тұрған тақырып – сыбайлас жемқорлықты ғана қозғап отырған жоқ. Ол нақты бір адам – Ресей премьері

30 наурыз 2017

Қазақстан президентінің ортаншы күйеу баласы, белгілі миллиардер Тимур Құлыбаев аса ауқатты, зор дәулеттілерді емдеуге салынып жатқан Мәскеу түбіндегі Ильинка ауруханасының 50 пайыз акциясын сатып алмақшы. Clinic Management Group Vademecum агенттігінің жазуынша, «Ильинская больницаның» 50 пайыз акциясын денсаулық сақтау саласына маманданған қазақстандық инвесткомпания сатып алып жатыр. «Әйтсе де қожайынның кім екенін Emdeu Group жария

28 наурыз 2017

Парламенттің алаңы күш сынасатын орын емес, әрине. Десек те, депутаттар арасындағы төбелестің өзінше бір қызық «өнер» екендігі рас. Қай парламентте төбелес болмады дейсіз?! Ресей, Украина, Қырғызстан... Осы жуырда ғана Түркияның парламентінде нағыз «қатын төбелес» орын алды. Ата заңға енгізілген өзгерістерге қарсылық ретінде нәзікжанды депутаттың бірі өзін-өзі мінберге кісендеп тастады. Сол-ақ екен, әйел депутаттар екіге жарылып, шаш жұлысуға

28 наурыз 2017

Соңғы бір-екі аптада қазақ шенділері түсініп болмайтын жаңалықтар көбейіп кетті. Депутат кезінде қыздарын көмекшілік қызметке алып, ел есебінен айлық төлеткені белгілі болғаны сол еді, Францияның ішкі істер министрі Бурно Ле Ру мырза өз еркімен отставкаға кетіп қалды. Бала-шағасынан бастап, немерелерін, жиендерін, құда-жекжаттарын мемлекеттік қызмет пен тендер бөліске қалдырмай сүйреп жүрген біздің министрлер әділдік, теңдік, бірлікті ұран еткен сонау Франциядағы Бурно Ле Ру мырзаға бейшара көргендей

28 наурыз 2017
«Бізді ештеңе үрейлендіре алмайды»

ҰЛЫБРИТАНИЯНЫ ТЕРАКТІДЕН КЕЙІН ОСЫ ҰРАН БІРІКТІРДІ
Соңғы екі жылда Еуропа елдерінің әр түкпірінде алма-кезек жасалған лаңкестік шабуылдар Лондонды үнемі айналып өтетіндей көрінетін. Себебі Ұлыбратания Еуроодақтың толыққанды мүшесі болған тұста да шекарасы мығым, қауіпсіздікке берік ел саналатын. Есігін мигранттарға айқара ашып тастаған Шенген аумағына кіретін Еуропа елдерінен басты айырмасы да осында еді. Визалық ережесі қатаң, шекара қызметі қатал, елге себепсіз ешкімді кіргізбейтін, ал елге аттап басқандарды мұхият тексеріске алатын мемлекеттің өзі терроризмнен

28 наурыз 2017
Ресей мен Беларусьта «саяси дағдарыс» басталды

Наурыздың 26-сы, жексенбі күні Ресейдің 80 қаласында орталық телеарналар байқамай қалған (Қазақстан телеарналары да бұл шерулерге аса мән бермеді) наразылық, қарсылық шаралары өтті. Он мыңдаған адам қатысқан, билік рұқсат етпеген бұл митингілерде «Ол бізге Димон емес» деген ұран көтерілді. Бұл атаудың мәнісі мынадай: Коррупциямен күрес қорының құрылтайшысы Алексей Навальный «Ол бізге Димон емес» деген деректі фильм түсіріп, онда Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев құрған сыбайлас жемқорлық

19 наурыз 2017

Жаңа президент сайланғалы бері саясаты қызыл түлкінің құйрығындай бұлғаңдап кеткен АҚШ ақыры Қырымға байланысты тоқ етер сөзін айтты. Айтқанда да қатты айтты. Яғни АҚШ Қырымды Ресейдің басып алғанын айыптайды және оны тез арада тоқтатуға шақырады. «Біздің санкцияларымыз

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»